partner-img
ҚАМҚОРЛЫҚ

Қамқорлық – жасына, ұлтына, дәрежесіне, сондай-ақ физикалық немесе менталды күйіне қарамастан, барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік туғызуды мақсат еткен инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған корпоративтік қор. 

partner-img
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫ

Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2008 жылы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Қордың негізгі мақсаты – қазақ тілін дәріптеу, әлемдік қоғамдастықта мемлекеттік тіл мен әдебиеттің әлеуетін қолдау және насихаттау, мемлекеттік тілді үйренуде инновациялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, жастарды қазақ тілін тереңдетіп оқуға, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тануға баулу, қазақ тіліндегі электрондық ақпарат кеңістігін дамытуға ықпал ету, сандық білім беру ресурстарын дамыту.

partner-img
ӘЭСИ

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылды. ӘЭСИ қызметі әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қызметін, оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтуда, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде қосқан үлесін ғылыми зерттеуге бағытталған.

partner-img
"El umiti" корпоративтік қоры

"El umiti" корпоративтік қоры серіктестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнатып, Қазақстанның игілігі үшін адами капиталды дамытуға бағытталған «El Úmiti» бастамасы аясындағы жобалардың іске асырылуын үйлестіреді.

"El umiti" Корпоративтік қорының сайты https://elumiti.kz/