contest-img

«Science Slam»  - ғалымдардың интеллектуалдық тартысы форматында өтетін Қордың жаңа жобасы. «Science Slam» идеясы 2006 жылы Германияда туған. Бүгінде ол Австрияда, Швецияда, Швейцарияда, Ресейде және Қазақстанда өткізіледі.

«Science Slam» басты мақсаты - бұл жастар арасында ғылымды дәріптеу. Бірақ жобада тағы бір маңызды міндет бар: ғылым қызықсыз және күрделі деген стереотипті бұзу.

Ереже бойынша, қатысушылар сахнада өз зерттеулері мен әзірленімдері туралы әңгімелеп береді. Іс-шара ғылыми ойын-сауық форматында өтеді. Мұнда күрделі терминдерге, түсініксіз слайдтарға және іш пыстырарлық дәрістерге орын жоқ. Сахнаға айтатыны бар және мұны қызықты жеткізе алатындар ғана шығады.

Байқауға университет студенттері мен ғылыми қызметкерлер қатысады. Ең танымал салалар – ІТ, инженерлік іс, биология, ауыл шаруашылығы, менеджмент, әлеуметтану және сәулет. Қатысушылар он минут ішінде қазылар мен көрермендерді өз идеяларына қызықтыруы тиіс. Үздік үштік үш басты талап бойынша анықталады: өз ойын жеткізе білу, зерттеу өзектілігі мен көрермендердің қол соғу қаттылығы.

«Science Slam» регламенті бойынша жеңімпаз сыйлыққа боксшы қолғабын, сондай-ақ тренингтен немесе оқудан өту сертификатын алады.

contacts-Едігеева Роза Мақашқызы
Едігеева Роза Мақашқызы
Жобаның басты үйлестірушісі

«Science Slam» турнирі

       

Әлеуметтік навигатор