ҮЕҰ үздік жобалары
Қор қарамағында шамамен 5 мың үкіметтік емес ұйым бар және олар екі жүзден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға көмектесті. Жобалардың ішіндегі ең маңыздысы "Әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі" аясында ұйымдастырылды.
«Шығармашылық жолы»
«Мүгедек әлемi» қоғамдық бірлестігі (Атырау)
Жәрмеңке – 2008
Жоба аясында Атырау қаласында 2008 жылы «Өмір-Ева-Live» мүгедектер орталығы ашылды. Орталықта мамандандырылған драматерапия, изотерапия, глинотерапия, музыкалық терапия және қолданбалы шығармашылықтың (бисер, жүн және құрақ тігу-пэчворк) мамандандырылған үйірмелері жұмыс істейді. Шығармашылық орталықта 5 және 16 жас аралығындағы үйде тәрбиеленетін мүгедек балалар, жасөспірімдер қатысады.
Бұл аудандағы бірінші орталық. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құрылымдар мұндай балаларды қабылдамайды, себебі олар ресми түрде тәрбиленуге жатпайды деп бекітілген.
Бүгінде Орталық өз қызметін жалғастыруда, үйірмелер бағытын кеңейтіп жұмыс істеуде.
«Салауатты қауымдастық»
«Ақбота» қоғамдық қоры (Ақмола облысы, Арнасай ауылы)
Жәрмеңке – 2008
Жоба шеңберінде Аршалы ауданының әкімшілік органдарының өкілдері, ата-аналар қауымы, медициналық қызметкерлер, педагогтар мен қала жастары қатысатын 3 тәжірибелік семинар өткізілді.
Сонымен бірге жергілікті баспасөз орталығының қатысушыларымен белсенді жұмыстар өткізілді. Олар тренингтерде PR-кампанияларды өткізу негіздері, әлеуметтік видеороликтер, буклет, коллаж өнімдерін жасау әдістемесі бойынша білім алды. Жастар газетін құру бойынша шеберлік сағаттары қатысушылардың ерекше қызығушылығы тудырды.
«Ақбота» қорының жұмысын Аршалы ауданының 12 ҮЕҰ қолдады. Атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша тамызда экологиялық слет өткізілді.
Сондай-ақ балалар тамағын дәрумендендіру (Аршалы ауданының мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде арнайы жартылай дәруменді кисельді пайдалану) бойынша жоба жүзеге асырылды.
Жоба шеңберінде хоккей корты ашылды. Доппен және шайбалы хоккей секциялары, конькиде сырғанау секциялары жұмыс істейді. Ақмола облысының Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарының мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің оқу-тәрбие процесіне көру органдарының, сколиоз, жалпақ табан ауруларының алдын алу бойынша инновациялық денсаулық сақтаушы психологиялық-педагогикалық технологиялардың Ресурстық Орталығы құрылды.
Аршалы ауданының жастары мен екі әскери бөлімнің жауынгерлерінің қатысуымен спорттың жазғы ойын түрлерін белсенді насихаттау мақсатында жазғы Денсаулық фестивалі өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау инновациясының 8 ресурстық орталығын құру туралы қорытынды семинар өткізілді.
Жоба дамуын жалғастыруда. 2013 жылы балалар тамағын дәрумендендіру идеясы жүзеге асты. Арнасай ауылында жыл бойы дәруменделген тамақпен ауыл мектептерінің асханаларын, балабақшаны қамтамасыз ететін көкөніс өнімдерін алу үшін фитосветодиодты жарықты қолдану ақылы жер асты жылыжайы құрылды.
Жалпы тәжірибелік нәтижелер өңірлік және облыстық деңгейде жоба идеологиясын таратуға мүмкіндік берді.
«Ата-аналар клубы – отбасы мен мектептің өзара әрекетінің моделі»
«Ашық мектеп» қоғамдық білім қоры (Алматы)
Жәрмеңке – 2009
Жоба ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған.
2009 жылдың 10 қыркүйегінде С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында жоба шеңберінде шығарылған «Қоғамның тұрақты даму факторы ретінде отбасы тәрбиесі» жинағы мен ата-аналар клубының тұсаукесері өтті.
Ата-аналар клубының сабақтарында жұмыстың алуан түрлері – дәрістер, тренингтер, пікірталас, тәжірибе алмасу, «дөңгелек столдар», көрмелер, оқырман конференциялары түсіндірілді. Клуб отырыстары ата-аналар мен мұғалімдерге бір-біріне сенім мен ашықтық тәжірибесін алуға көмектесті. Клуб жұмысының тәжірибесі «Ата-аналар мектебі» рубрикасындағы «Ашық мектеп» журналының беттерінде жарияланған. 2010 жылғы журналда «Педагогтар мен ата-аналар диалогының мектебі», «Отбасылық тәрбие және ұлттық бірлік», «Қазақстан халқының бесік жырлары», «Әке рөлі: жоғалған ой тәрбиесі», «Отбасы тәрбиесі қоғамның тұрақтылық факторы ретінде» мақалалары жарияланды.
Клуб отырыстарында «Отбасы тәрбиесі және ұлттық бірлік», «Әке рөлі: жоғалған ой тәрбиесі», «Отбасы тәрбиесі қоғамның тұрақтылық факторы ретінде» тақырыбында мәселелер талқыланды.
Клубта отбасы құндылықтарын нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда. Тоқсан сайын ана, әке және балалық шақ, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністікті жақсарту мәселелері талқыланған «Бей-жай емес ата-аналар клубы» отырысы өткізіледі. Алғыс күніне мерекелік іс-шараға дайындық жүргізілуде.
«Мейірім»
Марат Оспанов атындағы Қоғамдық қор (Алматы)
Жәрмеңке – 2009
Жоба мақсаты шығармашылық жұмыстардың «Балаларға мереке сыйлайық» қалалық байқауы Балаларды қорғау күніне орай өткізу болатын. Байқау Алматы қ. балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында балалардың шығармашылық, көркемөнер әлеуетін дамыту және балаларға арналған дәстүрлі қалалық іс-шараны өткізу мақсатында жүзеге асты.
Байқауға 20 астам мамандандырылған балалар мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен ҮЕҰ-дан және 9 мектеп оқушылары үйінен 1500 бала қатысты.
1 маусымда «Мейірім жұлдыздар шамшырағы» қалалық Балалар шығармашылық фестивалі салтанатты түрде ашылды.
Фестиваль «Мейірім» байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарының гала-концертімен аяқталды.
Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор қызметі дамуда және кеңеюде. «Мейірім» жобасы жыл сайын өткізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.
Жоба ынтымақтасуды жалғастыруға әзір әріптестердің қолдауын тапты. «Мейірім» байқауынының 100ден астам лауреаты мен жүлдегері «Қаланың әлеуметтік мекемелерінен келген балаларға арналған білім беру шеберлік сағаттары мен тренингтерді ұйымдастыру» жобасының негізгі қатысушылары болды. Хореография, көркемөнер және қолданбалы өнер, вокал бойынша шеберлік сағаттарына мамандандырылған мектеп интернаттан келген балалар мен оқытушылардың қатысады.
Жобаның тұрақтылығы мен табыстылығына келесі факторлар әсер етеді:
- «айрықша» балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған база құрылды.
- оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға арналған уәждемелер пайда болды, себебі үздік педагогтар марапатталады, тренингтерге шақырылады.
- әлеуметтік сала педагогтары мен мамандардың диалог алаңы құрылды.
- «айрықша» балалардың проблемаларын шешуде мемлекеттік, қоғамдық, бизнес құрылымдар мен БАҚ күштері біріктірілді.
«ҚР жағдайында медициналық геронтология біліктілігін қалыптастыру»
«ҚР геронтолог-дәрігерлер қауымдастығы» (Алматы)
Жәрмеңке – 2010
Алғаш рет Қазақстан Республикасында әлеуметтік геронтология және гериатрия саласында мамандар дайындалды. Геронтология мәселелері бойынша курс материалдарының әдістемелік құралын дайындау түрінде әдістемелік ұсыныстар (150 дана) (Қазақстан-Ресей) әзірленді.
Медициналық және әлеуметтік геронтология саласындағы мамандар үшін элективті оқу курсы өткізілді. 28 дәрістен тұратын курсты Санкт-Петербургтен келген жетекші маман- геронтолог жүргізді, барлығы 25 қатысушы.
Элективті курс нәтижелері бойынша дәрігерлерге сертификаттар берілді.
Осы жобаны жүзеге асыру ҚР-дағы гериатрия және геронтологияны дамытуға елеулі үлес қосты. Жоба қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында «Анти-эйджингті» бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік медициналық технология әзірленді.
Қауымдастық ары қарай салауатты ұзақ өмір сүру үшін өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қызметті үйлестіруге қажетті коммуникативті, ақпараттық, білім, ғылым функцияларын орындауға мүмкіндік беретін тоқтаусыз элективті курстарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Біз біргеміз»
Қазақстанның аутизммен ауыратын және дамуында өзге де проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерге қолдау және көмек көрсету жөніндегі «Ашық Әлем» қоры (Алматы)
Жәрмеңке – 2010
Жоба шеңберінде «Іс-әрекеті күрделі балалары бар ата-аналарды қолдауды психологиялық қамтамасыз ету» бағдарламаларының тұсаукесерлері өткізілді. «Аутизм диагнозы бар балалар мен «Haileybury Almaty» мектебінің қарапайым балаларының «қабілеттері бойынша» шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
«Haileybury Almaty» мектеп базасында қолдан жасалған заттарды дайындау бойынша балаларға арналған сабақтар ұйымдастырылды.
«Сенсорлық интеграция, онтогенетикалық тәсіл шеңберінде аутизммен ауыратын балаларда сөйлеуді дамыту, ойын терапиясы» түзету педагогикасы бойынша ата-аналарға арналған семинар-тренингтер өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру аяқталғаннан кейін жобаны одан әрі жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру тартуға мүмкіндік туды. Демеуші «Аrlan Net Systems» ЖШС компаниясы түзету педагогикасы бойынша Мәскеу мамандарының ұйымдастырушылық шығындарын (ұшып келу, тұру, сабақ бөлмелерін жалдау) төледі.
Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру кезінде ата-аналарды оқыту, кеңес беру және әдістемелік қолдау түрінде әлемдік озық тәжірибені тарату мақсатымен денсаулық сақтау, білім және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандары мен басшылары, сондай-ақ ҚР қоғамдық ұйымдары ресурсттық орталық құру идеясын ортаға салды. Тағы бір жеңіс және жақсы нәтиже – ҚР Түзету Педагогика Ұлттық Ғылыми-Тәжірибелік Орталығы диагноз қою және күйзелісті шешуден кейін ата-аналармен жұмыс істеу үшін штатқа психологты енгізуге қол жеткізді.
Жоба бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта жалпы білім беру жүйесіне аутизммен ауыратын және кекеш балаларды енгізіп, оларды дайындауға мүмкіндік беретін инновациялық модельмен жұмыс істеуде.
«Балаларға мәдени мұра – уақыт байланысы». «Естуі нашар жастарды кәсіби оқыту»
«ЖасНұр» Саңыраулар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Астана)
Жәрмеңке – 2011
Жоба шеңберінде декоративті-қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру арқылы Астана қаласының №65 гимназия мектебінің 6-10 түзету сыныптарындағы естуі нашар балаларды ұлттық қолөнерге үйрету ұйымдастырылды.
Ұл балаларды талантты оқытушы, қолданбалы өнер шебері Бақыт Берденбек оқытады. Ол ағашпен, терімен, тастармен және басқа қолдағы заттармен жұмыс істеуді, оларды үйлестіруді және Астана қонақтарының сұранысына ие болатын ұлттық нақыштағы үздік бұйымдарды, сыйлықтарды дайындауды үйретеді.
Қыздарды ұлттық-қолданбалы өнер шебері Жібек Жайкенова бисермен, жүнмен және басқа қолдағы заттармен жұмыс істеуді үйретеді
Оқу бағдарламасы әлеуетті қабілеттері табиғатпен берілген және кең аудиторияға шығуды және бағалауды қалайтын естуі нашар балалар мен жасөспірімдерді дамытуға, шығармашылық бастамаларын көрсету үшін жағдайлар жасауға бағытталады.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайында 2011 жылдың 5 желтоқсанынан 7 желтоқсанға дейін қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі және 9 желтоқсанда «Rixos» Президент қонақ үйінде сату Жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ЮНИСЕФ, елшілік, жергілікті мемлекет органдарының, Министрліктердің, бизнес құрылымдардың, ҮЕҰ, БАҚ, ҚР Парламент Мәжілісі, Астана қаласының Мәслихат депутаттарының өкілдері мен Астана қонақтары қатысты.
Естуі нашар балалар мен жасөспірімдер өз қолдарымен жасалған бұйымдарын, жобаны жүзеге асыру шеңберінде алған өз шеберліктерін көрсете алды. Олардың білімі мен шеберлігі мәдени және ұлттық дәстүрді жаңғыртуға және сақтауға мүмкіндік берді.
Жоба нәтижелерінің негізінде ұйым естуі нашар балаларға ғана емес, сонымен бірге басқа кемшіліктері бар балаларға мүмкіндік беретін мұндай үйірмелерді ашу, олар үнемі мамандардың бақылауында болатындай арнайы дамушы орта құру бойынша шаралар қабылдайды.
Жоба арқасында үйірме жұмыстары үшін қажетті материалдарды сатып алуға «Қашаған» КМГ сияқты жаңа демеушілер тартылды.
«1982 жылғы мамыр айында Ауғанстандағы 5-Пандшер операциясы уақытында 177-мотоатқыштар полкінінң 3-тау атқыштары батальонының жауынгерлік әрекеттерінің әскери-тарихи қайта құрылуымен «Жарқыл» («Зарница») балалар әскери-спорт, әскери-патриоттық ойындарын өткізу
«Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы» қоғамдық бірлестігі (Өскемен)
Жәрмеңке – 2012
Жоба Өскемен қаласында «Жарқыл» («Зарница») балалар әскери-спорт, әскери-патриоттық ойындарын өткізуді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Ойын жауынгерлік әрекеттердің шынайы эпизодтарының әскери-тарихи қайта құру шеңберінде өткізілді.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде таулы – шөлді аймақта оқу шайқасының әрекеттеріндегі ойындар қатысушыларға тәжірибелік дағдылар берді. Жобаға қала мектептерінің 10 сынып оқушылары мен «Сұңқар» ӘӨК, барлығы 500 адам (Өскеменнің 45 мектебінен келген оқушылар және «Сұңқар» ӘӨК 50 адам), сондай-ақ Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен жергілікті гарнизонның әскери қызметшілері – 100 адам қатысты. Оқытылатындар (500 адам) жобаны жүзеге асыру барысында тәжірибелік дағдылар мен білім алды.
Қала жұртшылығы мен мемлекеттік органдар жүзеге асырылған жобаға жоғары баға берді және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіне Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымдастыру тәжірибесін енгізуге шешім қабылдады. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс жүйесі арқылы жастардың үйлесімді дамуы мен толыққанды тәрбиеленуіне ықпал ететін шынайы жауынгерлік әрекеттерді қайта құру элементтері бар әскери-спорт ойындарын жастармен өткізіледі.
«Екінші тыныс» қолөнер дағдыларымен және білімдеріне ие осал және оқшау қарт адамдарды әлеуметтік қайта қалпына келтіру
«Қарлығаш» шығармашылық орталығы (Кызылорда)
Жәрмеңке – 2012
Қолөнер ісінің дағдыларын (құрақ көрпе және жүнмен жұмыс істеу) үйренгісі келген балалар мен жасөспірімдерден тұратын 16 топқа 12 қарт қолөнерші әйел сабақтар өткізді.
Қарт адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру мәселелері бойынша дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Қарт адамдардың мәселелеріне назар аудару мақсатымен жоба туралы буклеттер шығарылды.
Жоба қызметі жалғасуда. Жыл сайын өңірде дайын өнімдер көрмесі өткізіледі.
«Онкологиямен ауыратындарға арналған арт-терапия кабинеті»
«Сенің таңдауың» қоғамдық қоры (Семей)
Жәрмеңке – 2013
Жоба шеңберінде онкоорталық жанында онкологиямен ауыратындарға арналған арт-терапия кабинеті құрылды. Жоба онкологиялық ауру адамдарға шығармашылық түрде өзінің жағымсыз эмоцияларын (қорқынышын, агрессиясын, ашу-ызасын, өкпесін) білдіруге, өзінің эмоциялық жай-күйін тұрақтандыруға, тиімді сауығуға ықпал етуге көмектесуге шақырады. Шығармашылық арқылы өз қабілеттерін жүзеге асырып, өз-өзін көрсету мүмкіндігін береді.
Психологиялық көмек көрсету онкологиялық аурулардың күнделікті өмірге бейімделу қабілеттерін арттыруда; шаршағандықтың, жағымсыз эмоциялық жай-күйдің және олардың көрінуінің азаюында; когнитивті дағдылардың қалпына келуінде: жадының, ойлаудың, көрудің жетілуінде көрінеді.
Жобаның қызмет бағыттары кеңейтілген. Кейінгі жылдары жобаны жүзеге асыруда келесі жұмыс түрлері сәтті орындалды:
Кабинет қызметі туралы жарнамалық кампаниялар өткізілді, жеке және топтық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік материалдар әзірленді.
Сабақтар енді алуан технологияларды: изотерапия, жапсыру, фотография, аппликация, библиотерапия, музыкатерапия, видеотерапия, анимациялық терапия, этнотерапия, еңбек терапиясы сияқты технологияларды қолданумен өткізіледі.
«Алматы облысы, Іле ауданының қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру»
«Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі» қоғамдық бірлестігі (Алматы облысы, Өтеген батыр кенті)
Жәрмеңке – 2013
- Жергілікті өзін-өзі басқару жұмысының механизмі құрылды.
- Жұртшылық кеңесінің төрағалары үшін 3 оқыту семинар тренингі өткізілді. Барлығы 65 адам оқытылды.
- «Жергілікті деңгейде өзін-өзі басқару, қолжетімді құралдар және қаражаттар» аудандық конференциясы өткізілді
- Ауданның бір елді мекені (Ащыбұлақ ауылы) ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне тәжірибені тарату бойынша пилоттық жоба ретінде таңдалды.
- Аудан делегациясы, жоба жетекшісі Р.М.Абилова, Ащыбұлақ ауылының әкімі М.Б.Карибаев, аудандық мәслихат депутаты Шолпан Қағазбаева және жұртшылық кеңесінің төрайымы С.Түймебаева ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында 2013 жылдың 12-13 желтоқсанында өткен «Жергілікті деңгейде тиісті басқару және жергілікті өзін-өзі басқару реформасы» дөңгелек столына шақырылды.
- «Қоғамдық кеңестердің жұмысы бойынша әдістемелік құрал» дайындалып, 1000 дана болып шығарылды.
- Шығарылған әдістемелік құралға Астана қаласындағы дөңгелек столдың барлық қатысушыларына арналған тарату материалы енгізілген
- Бюджетті жоспарлау негізіне жататын Ащыбұлақ ауылының стратегиялық жоспары жасалды.
Кейінгі жылдары жоба қызметіне облыстың барлық аудандары тартылды. Қоғамдық бірлестік қызметі өзіне облыстық жұртшылықтың назарын аудартты және жоба бойынша жұмысты жалғастыруға жекеше компаниялар мен меценаттардың инвестициялары тартылды. Жұмыс тәжірибесі ел өңірлеріне таралды.
«Балалар мен жастарға арналған сенім ұлттық телефон желісі»
«Дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі (Алматы)
Жәрмеңке – 2013
Жоба барысында Алматы қаласы бойынша 150 деген нөмірмен баланың құқығы қорғап, оған басқа да қызметтермен бірлесіп көмек көрсету мақсатында балалар мен жастарға арналған сенім ұлттық телефон желісінің тиімді жұмысы ұйымдастырылған.
Балалар мен жастарға арналған сенім ұлттық телефон желісі балалар тез жаттап алатын үш сандық нөмірден тұрады. Сенім телефоны балалар мен жастар өздеріне ыңғайлы уақытта хабарласа алу үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Консультацияларды психолог мамандар жүргізеді, бұл қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Арнайы жабдық бар және көптеген балалар мен жастар хабарласа алуы үшін екі желі бөлінген.
Сенім Телефоны қызметі Қазақстанның барлық балалары мен жастарына 2010 жылдың 17 мамырынан бастап қолжетімді. Оны Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті енгізді. 2011 жылы Сенім Телефоны қызметіне 225 973 қоңырау түскен, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 114 718, оның 2 445 балалар мен жастардың құқығын бұзу сұрақтары бойынша. 2011 жылдың 1 қазанына дейін 225 973 қоңырау тіркелген, оның ішінде Алматы 114 718, оның 786-сы кәмелетке толмағандардың құқығын бұзу бойынша.
2011 жылдың 21 қарашасы күні Қорда жобаны жүзеге асыру қорытындысының тұсаукесері өтті, онда «Алматы қ. балалар мен жастардың әлеуметтік қызметке қолжетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында балалар мен жастарға әлеуметтік қызметті қолжетімді ету және қызметті кеңейту мәселесі талқыланды.
Сенім телефоны өз жұмысын жалғастырып жатыр және тұтас Қазақстан бойынша жұмыс істейді. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрменкесі шеңберінде алынған грант жобаның дамуына үлкен ықпал етті.
«Қолға сезілетін бейнелер»
«Өнерленд» қоғамдық қоры (Алматы)
Жәрмеңке – 2013
Алғаш рет Қазақстанда 2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржылық қолдау көрсетіп, көзі нашар көретін мүгедек балалар қатысқан «Қолға сезілетін бейнелер» мүсін көрмесінің интерактивті жобасы жұмысын бастады.
Жобаның негізгі идеясы мүмкіндігі шектеулі – көзі көрмейтін балаларды Қазақстанның мүсін туындыларын түйсік арқылы қабылдауға және қабылданған бейнелерді өз түсінігімен, материалда – мүсінді ермексазбен бейнелеуінде еді.
Балалармен жасалған мүсіндер түпнұсқаларымен бірге көрмеге берілді және каталогқа шығады.
Жоба қатысушылары барлық жоспарлы шығармашылық кезеңдерден сәтті өтті. Жоба қоғамда, БАҚ, мектеп-интернаттар, ата-аналар мен балалардың өздерінің арасында кең қолдау тапты. Жоба өзінің одан әрі жүзеге асыру қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеді.
Кейінгі жылдары қоғамдық бірлестік мүгедек балалармен басқа да ұқсас байқаулар өткізді. Қазіргі уақытта мүсін саласында шығармашылық дағдыларды дамытуға, сазбен жұмысты дамытуға дамуы бұзылған балаларды үйрету бойынша жоба әзірленуде.
«Жиһаз цехы»
«Дәрігерлер нашақорлыққа қарсы" коммерциялық емес мекемесі (Павлодар)
Жәрмеңке – 2013
Жоба идеясы “Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы” республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының әлеуметтік оңалту бөлімшесінің пациенттерін еңбекке үйретуді ұйымдастыруға негізделген.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде орталықтың әлеуметтік оңалту бөлімшесіндегі жиһаз цехына арналған құралдар сатып алынды.
Барлығы бөлімшенің 100 пациенті оқытылды және одан әрі түскен қаражатқа жиһаз цехының мүмкіндіктерін кеңейту үшін қосымша жабдық сатып алынды.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары саласындағы жүйелік жұмыстың тұрақты, жүйелік және ұзақ мерзімдік әсері болады. Жиһаз цехының жұмысы әртараптандырылған, жобаны қолдауға жаңа қаражат шығарылған өнімді өткізу есебінен алынады.
«Үшарал қаласы жастарының әлеуетін дамыту және кәсіби дайындау орталығын ұйымдастыру»
«Алакөл – Қамқор» қоғамдық бірлестігі (Үшарал, Алматы облысы)
Жәрмеңке – 2014
Жобаның негізгі идеясы жастарды өңірде сұранысқа ие кәсіпке үйрету, олардың әлеуетін дамыту мен жастарды еңбек және экономикалық қызметке тарту бойынша орталық құру.
Өндірістің бизнес-жоспарын және бизнес-жоспарлауын жасау бойынша іс-шаралар кешенін өткізу, жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен таныстыру, сондай-ақ орта және шағын бизнесті қолдау (оқу, несиелеу, көмекқаржы және грант беру).
Қызметтің алуан бағыттары бойынша оқыту; жүн түту, жүннен киім мен аяқ киім тігу, түс кілем (станокты өнер), түрлі-түсті жүннен картиналар, қорғалған топырақ жағдайында көкөністер өсіру.
Орталықта белсенді жұмыстар әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге жоба ұрпақтар сабақтастығының құралдары бойынша әлі де көбірек әлеуметтік маңызға ие болды. Жастарды жұмысшы мамандықтарына, оның ішінде жүн түтуге, киім тігуге үйрету – бұл аға ұрпақтың жастарға дағдыларын беру тәсілі.
«Жаңа қазақстандық патриотизм – көп ұлтты және көп конфессиалдық қоғам жетістігінің негізі»
«Әскери-патриоттық клубтарының «ҚАЙСАР» Маңғыстау өңірлік лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі (Ақтау)
Жәрмеңке – 2015
Жоба мақсаты Ақтау қаласында әскери-патриоттық орталықты құру. Жоба шеңберінде келесі әскери-патриоттық іс-шаралар өткізілді:
– әскери-теңіз базасының аумағында әскери-паториоттық клубтар слеті. Осы іс-шараға 8 әскери-патриоттық клуб қатысады. Әскери қызметшілердің жекпе-жек күресі бойынша ойындары, сондай-ақ «ҚАЙСАР ӘӨК» Маңғыстау өңірлік лигасы» құрмет күзеті ротасының дефилесі және т.б. өткізілді;
– әскери-патриоттық бағытталушылық іс-шаралары бойынша бейнероликтердің тұсаукесерлері (БАҚ-да, интернет-ресурстарда);
– жазғы әскери-спорт сауықтыру лагері. Әскери дайындық бойынша балалармен айналысу (парашюттерді, атқыштар қаруларын, БМП материал бөліктерін, танктерді және т.б.);
– өңірдің тарихи орындарын жастармен аралау;
– Маңғыстау облысының этномәдени орталықтарының, облыстың барлық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының, оның ішінде ардагерлер ұйымдарының өкілдері, «Халық келісімі» ҚБ қатысқан патриоттардың өңірлік форумы;
– «Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың борышы мен міндеті» атты тақырыпта 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерімен дөңгелек столдар;
– Ақтау қ. отбасы типті балалар ауылы мен балалар үйінің аумағында қиын өмірлік жағдайда қалған, кәмелет жасына толмаған балалар үшін әскери-патриоттық үйірмелер, клубтар құрылды;
– «Ардагер бізбен бірге» әскери-патриоттық акциясы».
«Балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу орталығы»
«Қостанай жас көсемдері» қоғамдық бірлестігі (Қостанай)
Жәрмеңке – 2015
Жоба мақсаты – мектеп оқушылары арасында өзіне-өзі қол жұмсау қаупін анықтау жүйесін жақсарту, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау алды және өзіне-өзі қол жұмсау жағдайын түзетудің дұрыс жүйесін әзірлеу.
Жоба міндеттері: өзіне-өзі қол жұмсау қаупінің алдын алу бойынша қызметті жүйелендіру; өзіне-өзі қол жұмсау бойынша қауіп топтарын анықтау және уақытылы диагностика; өзіне-өзі қол жұмсау қаупін жою және оны анықтау үшін түзету бағдарламаларын зерттеу нәтижелері бойынша әзірлеу.
Жоба шеңберінде: өзіне-өзі қол жұмсау бойынша қауіп топтарындағы оқушыларды анықтау үшін диагностикалық әдістемені іріктеу және оларды өткізу. Мектеп психологтарын өзіне-өзі қол жұмсау қаупіндегі топтарын анықтау және диагностика өткізуге үйрету. Зерттеу нәтижелері бойынша әзірлеу, күйзеліске қарсы тиімді әрекет етуді қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыру үшін түзету бағдарламаларын өткізу, оң ойлауды қалыптастыру жұмыстары өткізілді.
«Жылы үй»
«Ұлағатты Жанұя» отбасыны дамыту және қолдау қоғамдық қоры (Алматы)
Жәрмеңке – 2016
Жоба баланы асырап алуды, қамқорлығына алуды, асырап алушы ата-анасы болуды жоспарлаған азаматтарды дайындау үшін Асырап алушы ата-аналар мектебін құруға бағытталған.
Асырап алушы ата-аналардың мектебі келесі мәселелерді шешеді:
- Баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауда өз мүмкіндіктері мен психологиялық дайындығын бағалау үшін үміткерлерге көмектесу;
- Мекемелерде тәрбиеленуші балалардың психофизикалық қабілеттері туралы психологиялық-педагогикалық білімді және отбасылық тәрбиелеу процесінде осы білімді пайдалану дағдыларын үміткерлерге жеткізу;
- Баланы тәрбиелеу және өзара қарым-қатынас мәселесіндегі ата-ана құзыретінің деңгейін арттыру;
- Отбасында баланың дамуы үшін әлеуметтік қоршаған ортаның тиімді жағдайын құруға көмектесу.
«Біз барлығы сияқтымыз»
«Гуонлён» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі (Жамбыл облысы, Жалпақтөбе ауылы)
Жәрмеңке – 2016
Жоба идеясы Жалпақтөбе ауылының ауылдық мүгедек балаларға арналған шығармашылық балалар үйін құру арқылы қоғамға дене мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мен біріктіруде жатыр. «Бала шығармашылығы үйінің» қызметі арт-терапияға, қолданбалы өнерді үйренуге, вокал мен биге, қарым-қатынастың психологиялық тренингтерін ұйымдастыруға, компьютерлік сауаттылыққа және т.б. бағытталған. Балалар аптасына екі рет психологтың бақылауымен шығармашылық үйірмелеріне (сурет салу, би, ән айту, компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша сабақтар) қатысады және қолданбалы шығармашылыққа, арт-терапияға, вокал мен биге баулиды. Жұмыс тәжірибесі басқа ауылдық елді мекендерге таралды.
ҮЕҰ үздік жобалары