contest-img

Жоба 2017 жылдан бастап «Ұлттық Дельфий комитеті» КҚ-мен бірлесіп іске асырылуда. 2018, 2019 жылдары жобаның аумағы еліміздің 9 өңіріне дейін кеңейді. Бұған еліміздің 13 өңірінен 750-ден астам жас спортшы қатысты.

Жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың спорттық жетістігін көрсету, спорт және дене шынықтыру саласында инклюзивті білім берудің жаңа дағдысын игеру, қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру мақсатында қажетті аудитория үшін бірегей алаң құруға негізделген.

Жобаның міндеттері:
- бейімделген дене шынықтыруды таныту және дамыту, инклюзивті білім беру саласында жаңа коммуникативтік шешімдерді дамыту;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттық іс-әрекетіне қоғамның назарын аудару;
- мүмкіндігі шектеулі дарынды адамдарды анықтау және қолдау көрсету;
- бұл санаттағы адамдар үшін спортты қолдау саласында мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының инновациялық әдістерін қалыптастыру.

Жобаның серіктесі: «Ұлттық Дельфийлік комитет» КҚ.

contacts-Булхаиров Серік Әмірұлы
Булхаиров Серік Әмірұлы
Жобалық офисінің аға үйлестірушісі

«Жеңістерге бірге» - «Вместе к победам» паралимпиадалық старт

   

Әлеуметтік навигатор