«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Мүгедектігі бар балалар санының жыл сайын жылына 4 мыңға көбеюіне және балалар мүгедектіктігінің алдын алу қажеттілігіне байланысты Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік ерте араласу орталықтары құрылды.
Бұл орталықтарда диагностика, абилитация/оңалту және дамытуды оқыту түріндегі қолдау дамуында ауытқуы және олардың туындау қаупі бар 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі.
2020 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Қазақстан халқына» қоры және әкімдіктердің қолдауымен өңірлерде 16 ерте араласу орталығы ашылды:
Абай обл./ Семей қ.
Ақмола облысы/ Степногорск қ.
Ақтөбе облысы / Ақтөбе қ.
Алматы облысы / Бәйдібек би ауылы
Атырау облысы / Атырау қ.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қ.
Жамбыл облысы / Тараз қ.
Жетісу облысы/ Талдықорған қ.
Батыс Қазақстан облысы/ Орал қ.
Қарағанды облысы / Қарағанды қ.
Маңғыстау облысы / Ақтау қ.
Солтүстік Қазақстан облысы/ Петропавл қ.
Түркістан облысы / Шымкент қ.
Түркістан облысы / Қапланбек ауылы
Астана қ.
Шымкент қ.
Ерте араласу орталықтары дамудың ерте кезеңінде бұзылыстарды анықтауға және оңалту бағытын әзірлеуге мүмкіндік беретін есту, миды зерттеуге арналған оңалту, сондай-ақ диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Орталықтардың жұмысы үшін мамандардың пәнаралық тобы дайындалды.
2024 жылы тағы 4 өңірде орталық ашу жоспарланған:
Қостанай облысы / Қостанай қ.
Қызылорда облысы/ Қызылорда қ.
Павлодар облысы / Павлодар қ.
Алматы қ.
Осылайша, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада 20 ерте араласу орталығы нейро-ортопедиялық бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар балаларға кешенді көмек көрсетеді. Орталықтар жылына 11 000-нан астам баланы қабылдауға мүмкіндік беріп, «Қадамдық қолжетімділікте» оңалту жүйесінің негізін қалады.
«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҚТАРЫ