«Қамқорлық» корпоративтік қоры 2020 жылы Елбасының «Қамқорлық» бастамасын іске асыру үшін құрылған. Қордың қызметі инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Бастама аясында бірінші кезекте ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мекемелердің жетіспеушілігі мәселесін шешу, сонымен қатар оларды мамандармен және қажетті жабдықпен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Міндеттері:

• жақын жерден қолжетімді оңалту орталықтарын ашу;
• балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстанның әр өңірінде ерте араласу орталықтарын ашу;
• жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу;
• аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтар ашу;
• ашылғаннан кейін орталықтарды қолдау және жетекшілік ету.

Бастама ҚР Үкіметімен, әкімдіктермен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ, «Қазақстан халқына» ҚҚ бірлесіп жүзеге асырылуда.

Байланыс нөмірі: +7 7172 57 14 26