Халықаралық ынтымақтастық
Бастама сипаттамасы
Халықаралық ынтымақтастық туралы
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының халықаралық қызметі ҚР Тұңғыш Президентінің мұрасын нығайту мақсатында түрлі халықаралық ұйымдармен және шетелдік қорлармен достық байланыстар мен өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Қор серіктестермен өзара байланыста білім және ғылым, мәдениет және өнер, инновациялар мен жаңа технологиялар, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық және т.б. салалардағы жағдайлар ескеріп, тәуелсіздік жылдарында екіжақты және көпжақты форматта белгіленген Қазақстанның шетелдермен табысты екіжақты қатынасқа арқа сүйейді.
Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Корея Республикасы, Жапония, Испания және т.б. бірқатар қоғамдық ұйыммен және аналитикалық құрылыммен әріптестік байланысты жолға қойған.
Астана Клубы
Қор әлемдік экономика және саясат институтымен бірігіп, жыл сайын Астанада геосаяси даму үрдістерін талқылау және Үлкен Еуразия әлемі мен өңірінде тұрақты даму мен ынтымақтастыққа ықпал ететін шешімдерді іздеу үшін жетекші әлемдік сарапшыларды, дипломаттар мен саясаткерлерді біріктіретін Astana Club – пікірталас платформасын ұйымдастырушы ретінде танылып келеді.
2015 жылы Astana Club шеңберіндегі алғашқы кездесуден бастап клуб халықаралық деңгейдегі маңызды саяси-сараптамалық форумдар арасында лайықты орын алды.
Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсы (ГАЛ)
Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсы (ГАЛ) 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды.
2019 жылғы қарашада Астана клубының кездесуінде сөз алған Н.Назарбаев халықаралық ядролық қауіпсіздік саласында сапалы диалогты дамыту қажеттігін атап өтті, осыған байланысты ядролық қарусыздану күн тәртібін ілгерілету үшін жаңа жаһандық платформа ретінде ГАЛ құру туралы бастама көтерді.
Бір жылдан кейін, 2020 жылдың 19 қарашасында ГАЛ бастамасын дамыту үшін Астана клубының консультативтік кеңесінің жетекші мүшелері, оның ішінде әлемдік саясаткерлер, сарапшылар мен көрнекті қайраткерлер «100 секунд до полуночи: стратегическое время для возобновления ядерного диалога» атты онлайн конференцияға қатысты.
Онлайн конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын шақыруды қолдау мақсатында ашық үндеу (Open Call) жариялады.
Қазіргі таңда Альянс 45 елдің 88 көрнекті саяси көшбасшы мен халықаралық сарапшысының басын қосады, олар жаһандық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша диалог орнатуға және нығайтуға ГАЛ мүшесі ретінде үлес қосуға дайын екенін білдірді.
Ашық үндеу БҰҰ-да (№А/75/705) және атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (МАГАТЭ) (№ INFCIRC/955) тіркелді, бұл жаңа жаһандық платформаның екі беделді халықаралық ұйымының деректерін қолдайтынын айғақтайды.
Альянстың міндеті – ядролық қарудың таралуы мен қолданылуына тыйым салу, ядролық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарусыз әлем құрудың түпкі мақсатына қол жеткізу – ортақ идеясы бар түрлі саладағы әлемдік көшбасшылар мен сарапшылардың коалициясына бірігу.
ГАЛ жұмысының үш негізгі бағыты:
• ядролық қаруды бірінші болып қолданбау (No First Use);
• қауіпсіздікке теріс кепілдіктер беру және планетада ядролық қарусыз жаңа аймақтарды (ЗСЯО) құру (ғарыш кеңістігінде, теңіз түбінде және айда) сияқты тәжірибелі қадамдармен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайту;
• ядролық қарусыз әлемде қоғамдық қауіпсіздік пен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жаһандық қауіпсіздікке қол жеткізу.
ГАЛ ресми веб-сайты: https://alliance.global
Қордың Өкілдігі
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Лондондағы өкілдігі 2019 жылы ашылды. (Instagram парақшасы - @ffp_uk).
2024 жылғы іс-шаралар
- «Қазақстанның ядролық және биологиялық қаруды қолдану қауіп-қатерімен күрес жөніндегі күш-жігері» панельдік сессиясы
- «Орталық Азия: 21 ғасырдағы көпвекторлы саясаттың стратегиясы мен дамуы» конференциясы
2023 жылғы іс-шаралар
- Вебинар «Орта державалар» үшін мүмкіндіктер мен қиындықтар – ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшылар: Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының тәжірибесі»
- Орталық Азия әлемдік экономика мен саясаттың назарында
- Әйгілі британдық FIRST баспасының «Әлем адамы» кітаптары Семей қаласындағы медицина университетінің кітапханасына сыйға тартылды
- «Орталық Азия және ЕО-ның тарихи мүмкіндігі» атты халықаралық конференциясы
- Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық көшбасшылар альянсы (ЖКА) Стратегиялық жоспарлау тобының екінші кездесуі
2022 жылғы іс-шаралар
- Париж қ. «Континенттер диалогы» форумы алаңындағы ЖКА-дың арнайы сессиясы
- АӨСШК-нің алдағы өтетін алтыншы саммиті туралы
- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Ә. Марғұланұлы Soka Gakkai International (SGI) Вице-президенті Х.Тэрасакимен кездесуі
- Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) шолу конференциясы (Нью-Йорк қ.)
- «Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты француз суретшілерінің көрмесі (Нұр-Сұлтан қ.)
- «Қазақстанның Батыс елдермен әріптестігі үшін стратегиялық мүмкіндік» Д. С. Халсманның баяндамасының тұсау кесері (Брюссель қ.)
- «Шекарасыз әйелдер кәсіпкерлігі: Қазақстан мен Ұлыбританияның тәжірибесі» тақырыбындағы семинары (Лондон қ.)
- «Орталық Азияның жаңа жағдайында Қазақстанның рөлі және оның көпвекторлы сыртқы саясаты» тақырыбындағы дөңгелек үстел (Лондон қ.)
- Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсының (ЖКА) стратегиялық жоспарлау топ мүшелерінің бірінші кездесуі (Вена қ.)
- «Қазақстандық-америкалық қарым-қатынастарға отыз жыл: қаңтар дағдарысы және болашаққа жол» К Бохаридің баяндамасының тұсау кесері (Вашингтон қ.)
2021 жылғы іс-шаралар
- Astana Club 6-шы отырысы (Нур-Султан қ.)
- Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық форум (Лондон қ.)
- Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Тембекиле Мандела қорымен Меморандумға қол қойды (Нұр-Сұлтан қ.)
- Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері (Рим қ.)
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн-семинар
- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева мен ресейлік «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігінің» (СБА) бас директоры Светлана Чупшевамен кездесуі (Нұр-Сұлтан қ.)
2020 жылғы іс-шаралар
- Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру туралы әлемдік көшбасшыларға үндеу (Нұр-Сұлтан қ.)
- Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясы
- «Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастар: серіктестік орнатудан болашаққа бағдар» тақырыбында виртуалды дөңгелек үстел (Брюссель қ.)
2019 жылғы іс-шаралар
- В Фонде Первого Президента РК обсудили вопросы сотрудничества с общественными фондами Японии
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесері (Осло қ.)
- Astana club 5-ші отырысы (Нұр-Сұлтан қ.)
- ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының делегациясы Лондон қаласында Қор бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізді. (Лондон қ.)
- «Халықаралық жеке құқықты дамытудың үрдістері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Мәскеу қ.)
- Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселелері бойынша II Қазақстан-Корея форумы (Сеул қ.)
- «II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты жастар конференциясы (Нұр-Сұлтан қ.)
- Елбасының қарусыздану және таратпау саласындағы бейбіт бастамаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел (Лондон қ.)
- «Жаһандық ядролық қарусыздану: Әлем әрекетке дайын ба?» дөңгелек үстелінің (Лондон қ.)
- «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» марапаттау рәсімі (Нұр-Сұлтан қ.)
- Қазақстан Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың румын тіліндегі «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабінің тұсаукесері (Бухарест қ.)
- Радик Кудояровтың «Назначенный временем» деректі фильмінің ағылшын тіліндегі әлемдік тұсаукесері (Лондон қ.)
- Қор делегациясының Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесуі (Санкт-Петербург қ.)
- «Наурыз» фестивалі (Сеул қ.)
- Француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің «Саржалдың жарқын жастары» көрмесі (Нұр-Сұлтан қ.)
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры директоры Дариға Назарбаеваның Korea Foundation Президенті Ли Си Хенмен кездесуі (Нұр-Сұлтан қ.)
- «Корей түбегін денуклеаризациялау. Жаһандық мәселелерді шешудегі Қазақстанның антиядролық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел (Нұр-Сұлтан қ.)
- Орнықты даму және инновациялар жөніндегі екінші Орта Азиялық ғылыми форумы (Лондон қ.)
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың португал тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері (Бразилиа қ.)
- Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу (Астана қ.)