«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Румынияның Ұлттық кітапханасында (Бухарест қ.) Қазақстан Елшілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың румын тілінде шыққан «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен және «Grampet Group» компаниясымен өткізілді. Тұсаукесер Қазақстанның астанасы күніне орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық әдебиет» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Аударманы танымал румын филологы және этнолог  Антоанета Олтяну жасады.

Тұсаукесер барысында Румыниядағы Қазақстан елшісі Даулет Батрашев бұл бірегей кітаптың румын оқырмандарына еліміздің қалыптасу тарихымен және Елбасының Қазақстан мемлекеттілігін нығайту бойынша идеяларымен танысуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сондай-ақ кітап арқылы оқырман  Қазақстанды заманауи және қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналдырған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы маңызды шешімдердің қабылдануы туралы біледі.

Өз кезегінде, Ұлттық кітапхана директоры Кармен Михаю қазақстандық басылымдардың үлкен сұранысқа ие екендігін және егемен Қазақстанның негізі қаланғаннан бастап құрылу кезеңдерін сипаттайтын «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабы румын оқырмандарының қызығушылығын туғызатындығын айтты.

Түсініктеме қалдыру