contest-img

«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 6-сынып оқушылары.

Қатысу шарттары:

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізуге болады.

«Мың бала» Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?

I-кезең

Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалистті іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу «логикалық ойлау» және «кеңістіктік ойлау» бөлімдерінен тұрады.
Олимпиадаға қатысушылар I-кезеңнің кешенді тестілеуін өз таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беруді басқару органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алады.

II-кезең

Екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі. ІІ-кезеңді өткізу орындарында оқушылардың қатысуы міндетті.

Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:

«Математикалық сауаттылық»;
«Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін;
«Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін;
«Ағылшын тілі»;
«Жаратылыстану».

«Мың бала» олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша:

Ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.
«Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі беріледі.

Қосымша ақпарат үшін 8 800 080 48 48 нөміріне хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін)

contacts-КАЙРОЛЛАЕВ АБЫЛАЙХАН АЙҚЫНҰЛЫ
КАЙРОЛЛАЕВ АБЫЛАЙХАН АЙҚЫНҰЛЫ
«Мың бала» жобасының үйлестірушісі
contacts-Аршабаева Айжан Бірлікқызы
Аршабаева Айжан Бірлікқызы
«Мың бала» жобасының үйлестірушісі

«Мың бала» Ұлттық Олимпиадасы

Әлеуметтік навигатор