news-img

Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында және өздерінің 10-жылдықтарына арнап «Тұран» ансамблі этникалық музыка жанкүйерлері үшін шығармашылық кездесу өткізді. Дүние жүзіне танымал ұжымның концерт-дәріс үлгісіндегі іс-шарасына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Ә.Қастеев атындағы мұражай қолдау көрсетті.  

 

«Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерімен құрылған. Ұжымды құру идеясына көне музыкалық аспаптардың бірегей дыбысталуын қайта жаңғыртуға ұмтылу негіз болған. Өзінің шығармашылығы арқылы ансамбль қазақ халқының дәстүрлері, тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті туралы баяндайды.

 

Бүгінде «Тұран» - бұл бес талантты және жемісті музыканттар: Абзал Арықбаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, олар 30-дан астам халық аспаптарында шебер ойнай алады. Олардың ішінде сыбызғы, шаңқобыз, саз-сырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбыра, қыл-қобыз және т.б. бар. Ансамбль өнер көрсеткенде тамақпен ән айту техникасын да пайдаланады.

 

10 жыл ішінде ансамбль біраз іс тындырды. Үш музыкалық альбом шығарып, 30-дан астам авторлық композициялар жазды. Оның үстіне, ұжым заманауи композиторлардың туындылары мен классиктердің шығармаларын орындайды. «Тұран» әлемнің 70-ден астам елінде өнер көрсетіп, 600-ден астам жеке концерттерін берді. Және ансамбльдің барлық шығармашылық жолында оған ҚР Тұңғыш Президент Қоры белсенді қолдау көрсетеді.

 

— Ансамбльдің ерекшелігі мен халық мотивтерін қайта жаңғырту ниеті Тұңғыш Президент Қорының назарынан тыс қалмады, ол талантты орындаушыларға музыкалық альбом шығаруға көмектесті, ұжымның Алматыда жеке концерттерін ұйымдастыруына септігін тигізді, ансамбльдің ірі әлемдік сахналарда өнер көрсетуіне ықпал етті. «Тұранның» өзінің бірегей орындау стилі пайда болғандығы, және бүгінде ұжымның отандық және шетелдік көрерменнің жүрегінен орын таба білгендігі қуантады. Ата-бабалардың дәстүрлеріне сүйене отырып, ансамбль халық аспаптарында ойнау арқылы заманауи аранжировкада Ұлы даланың рухани мәдениетінің бар байлығы мен бейнесін жеткізеді,- деді ҚР Тұңғыш Президент Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

 

Былтырғы жылдың наурыз айынан бастап өздерінің 10-жылдықтарына арнап «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Беларусь, Норвегия, Ресей, Әзербайжан, Венгрия, Татарстан және Түркияда концерт қойып, әлемдік турне жасады. Тұңғыш Президент Қорының көмегімен топ Қытайда жеке концерттерін берді. Дәл осы елде, сондай-ақ Түркияда ансамбльдің үлкен фан-клубтары бар. Түріктің YouTube –арнасында жарияланған топтың қатысуымен болған роликтердің бірі, 20 млн-нан астам қаралым жинады.

 

«Тұрандықтар» шығармашылық кездесу барысында бірнеше рет спектакльдерді дыбыстайтындығы туралы айтты. Олардың композицияларын отандық киноның саундтректерінен, балаларға арналған анимациялық фильмдерден, әлемдік сусын брендінің жарнамасында және телехикаяларда, сонымен қатар түрік телевидениесінен тыңдауға болады.

 

Ансамбль өзінің миссиясы ретінде Отанымызда ғана емес, оның шегінен тыс қазақ фольклорлық музыкалық аспаптарын қайта жаңғырту, сақтау және дәріптеуді көреді. Бұл міндетті жүзеге асыруда көрсеткен қолдауы үшін топ қатысушылары Тұңғыш Президент Қорына алғыс айтады.

 

«Тұранның» онжылдықты тойлау аясында еліміздің көптеген қалаларында концерттер беретіндігін атап өтейік. 

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру