news-img

2020 жылдың 10-14 ақпан аралығында Алматыда “Тұран” Университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Алматы қаласының “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, Қазақстандық Маркетинг Қауымдастығының қолдауымен кәсіпкерлік идеялар Фестивалін өткізеді. Оған мегаполистің оқушылары мен студенттері қатысады.

Бес күн ішінде фестиваль қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді. Сонымен, іс-шараның қарқынды бағдарламасының арқасында оқушы жастар бизнес-жоспар жазу, бизнес-стратегияны әзірлеу дағдыларын игереді, клиенттермен жұмыс істеу, оның ішінде адал аудиторияны қалыптастыру және ұстау бойынша икемділікке ие болады.

Фестиваль спикерлері қатысушыларға кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі формалары туралы айтып береді, ал бизнес-жаттықтырушылар – қайда оқуға, қалай дамуға және Кәсіпкерге шабыт табуға болатындығы туралы бизнестегі мансаптық траекторияны ұсынады.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – өз бизнесін жүргізу мүмкіндіктерін таныстыру. Сонымен қатар, фестиваль оқушылар мен студенттер арасында көшбасшылық қасиеттерді, эмоциялық интеллект, креативтілікті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуға ықпал етуге бағытталған. Осылайша, фестиваль қатысушылары алған білімдері мен құралдарын өткен оқу бағдарламасынан кейін бірден қолдана алады.

Фестивальдің маңызды бөлігі “Жастар бизнес-жобасы” (мектептер, колледждер, ЖОО) бизнес-жобалар байқауы болып табылады. Ол бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-жауапты және іскер тұлғаны дамытуға бағытталған. Жарыс екі кезеңде өтеді: сырттай – ереже талаптарына сәйкес іріктеу және қазылар алқасы мүшелерінің алдында жобаларды таныстыру және жеңімпаздарды анықтау.

Кәсіпкерлік идеялар фестивалінде “Тұран” Университеті базасында Алматы қаласындағы “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік оқу орталығын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ фестиваль аясында шеберлік сыныптары, воркшоптар және “Jas Kasipker” халықаралық ғылыми-практикалық сырттай конференциясы өтеді.

Құрметті БАҚ өкілдері!

Ресми ашылуы 2020 жылғы 10 ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 16 А, “Тұран” Университетінде өтеді.

Аккредиттеу мәселелері бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласыңыз:

Разакова Дина Ибрагимовна – +77017237130

Едигеева Роза Макашевна – +77014882469

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру