news-img

АЛМАТЫ. ТПҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ — 25 желтоқсанда Caspian University жаңа корпусында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастырушылық қолдауымен, университет базасында қызмет ететін қытай тілі мен мәдениеті орталығының тұсаукесері өтеді.

 

Орталық жұмысының басым бағыттары: Қытай тілін, мәдениеті мен тарихын зерделеу; халықаралық ынтымақтастықты дамыту; кәсіби және күнделікті қызметтегі коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қытай тілін үйренуге көмек көрсету, сондай-ақ Қытай тілі мен мәдениетімен барлық ниет білдірушілерді таныстыру.

 

Орталық жұмысы аясында «Қытайды ашу» атты кездесулер өтеді, оның қатысушылары Қытайдағы түрлі ұлттардың әдет-ғұрыптары, мәдениеті, тағамдарымен, Қытай Халық Республикасының қазіргі заманғы сән әлемімен және жастар өмірімен танысады. Қытай тілінде сөйлеп үйреніп жүргендер үшін, «Диалог» қытай тілі әуесқойларының клубы есігін ашады. Клуб отырысында тыңдаушылар тіл тасымалдаушылармен қарым-қатынас жасап, өз тілін дамыта алады.

 

Орталық қызметінің жеке бағыты ғылыми байланыстарды орнату және дамыту болады. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін жетекші Қытай университеттерімен бірлескен ғылыми жобаларды дайындау және әзірлеу көзделуде.

 

Сондай-ақ, Caspian University жанындағы қытай тілі мен мәдениетін оқыту орталығында Қытай халық билерін, заманауи Қытай пластикасының қыр-сырын үйренуге, тайцзицюаньді (ушудың түрі) игеруге болады.

 

Орталықтың тұсаукесеріне ҚХР – ның Алматыдағы Бас консулы Гэн Липин, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров, Caspian University ректоры Жолдасбек Нүсенов, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы, қытай танушы Антон Бугаенко қатысады. Орталықтың жұмысымен оның жетекшісі, профессор Асылбек Тохметов таныстырады.

 

Тұсаукесер 25 желтоқсан /сәрсенбі/ сағат 12:00 – де мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ., Достық даңғылы, 85А, Caspian University жаңа корпусы (басты кіру-Құрманғазы көшесі жағынан).

 

Аккредиттеу төменде көрсетілген байланыстар бойынша.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының

баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур

+7 708 960 56 13, a.zhumashev@fpp.kz

www.fpp.kz

 

Түсініктеме қалдыру