news-img

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым жөніндегі кеңес және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылым күнін атап өтуге арналған онкүндік аясында «Шынайы әлемдегі жобаларды жүзеге асыру» шеберлік сыныбын өткізеді.

Онлайн форматтағы шеберлік сыныбына қатысуға өндіріске енгізуге дайын ғылыми-зерттеу жобалары бар жас ғалымдар мен ғылыми жұмыстарға құштар студенттер шақырылады.

Шеберлік сыныпта жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Қазақстанда ғылыми идеяларды жүзеге асырудың ерекшеліктері мен ірі жобалармен жұмыс істеудегі қиындықтары айтылады. Шеберлік сынып жобаларды жүзеге асыру үдерісі туралы классикалық түсініктермен аракідік келіспейтін жас ғалымның жеке тәжірибесіне негізделген.

Спикер: Николай Верещагин – Елбасы Қоры жанындағы ғылым жөніндегі кеңестің мүшесі, жетекші технолог, «Лес» жобаларын әзірлеу тобының жетекшісі, Sugar Life және Ultra clean компаниясының тең құрылтайшысы.
Шара өтетін күн: 22 сәуір сағат 11.00-де.⠀
Шеберлік сыныбына қатысу үшін сілтеме арқылы тіркелу қажет:  https://forms.gle/xK2yo6Kjum9ymuDYA 

Түсініктеме қалдыру