news-img

Оқшаулану жағдайында өмір сүріп жатқан адамдардың бір-бірімен  үйлесімді қарым-қатынасты сақтау қиынға соқты.

«Birge oqý» дамытушы пікірталас алаңында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының техникалық қолдауымен «Ата-аналар IV-тоқсан батырлары» тақырыбында онлайн-көнференция өтті. Кездесуге «Улттык Ustaz – Онлайн Академиясының» басшысы  Гүлмира Құрғанбаева, ресейлік «Ұрпақтар теориясы» жобасының авторы Евгения Шамис, «The steppe» бас редакторы Данияр Қосназаров, «Гнездо» отбасылық кеңістіктің құрылтайшысы мен бас директоры Анна Вендик, «BTS Education» компаниясының бас директоры  Саясат Нұрбек, «Сана» қылыми-практикалық психология орталығының негізін қалаушы және жетекшісі  Алтынай Абдрахмановалар қатысты.

Өз сөзінде Алтынай Абдрахманова өзінің ғылыми және практикалық психология саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар карантин жағдайында балаларда болатын сезімдер мен эмоциялар туралы айтып, ересектердің олармен қалай дұрыс байланыса алатындығы туралы баяндады.

Ұлыбританияда Оксфорд ғалымдарының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, әрбір бесінші бала вирус жұқтыру қаупінен үйден кетуге қорқады. Көп баланың бойындағы мазасыздық пен үрей жоғары деңгейге шығады, карантинде  ата-аналардан күткен тиісті қолдауға ие болмайды.

Осы және басқа да жағымсыз эмоциялармен күресуге эмпатия көмектеседі. Бұл термин өзге адамның эмоционалды жағдайын қолдау арқылы түсіну дегенді білдіреді. Адам бойындағы лсы қасиет қазіргі заманда неліктен маңызды?

Алтынай Абдрахманова атап өткендей, эмпатия адамға, атап айтқанда балаға, басқалармен берік, ұзақ қарым-қатынас орнатуға және жалпы психологиялық тұрақтылықты арттыруға көмектеседі.

Балада эмпатияны дамытуға келесі жолдарды қолданып көмектесуге болады:

  • Эмоционалды лексиканы игеру;
  • Өз эмоцияларына жауапты болу;
  • Балаға таңдау жасау және оның қалауларын құрметтеу арқылы сенімділікті көрсету;
  • Махаббатқа толы қауіпсіз орта құру.

Маңызды фактор - бұл ата-ана мен баланың деңгейі, мұнда сарапшылар бірнеше негізгі сәттерді бөліп көрсетеді:

  • «Өзімшілдіктен интеграцияға» принципі. Баланың ересек адам сияқты сезімдері мен эмоцияларына ие бола алатындығын түсіну керек, оны өзіңіз қабылдамаңыз, қатты эмоцияларға ұшыраған кезде баланың жанында болыңыз.
  • Өзіңізге эмпатия танытуды сұраңыз.

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан болатын мектеп қабырғасындағы эмпатияның да балалар өмірінде алатын орны  маңызды. Дұрыс қалыптасқан қатынастар мектепте қолайлы микроклимат құруға көмектеседі және бала мен баланың, бала мен мұғалім арасындағы жұмыс пен қарым-қатынас дұрысталады.  

Өмірден алынған тәжірибелер мен зерттеулер эмпатия тұлғааралық қатынастарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар күрделі мәселелерді жоғары деңгейде тиімді шешуге көмектеседі. Оның сонымен қатар ұжымдық әл-ауқаттың жағымды өзгеруінде адамдарға берер көмегі мол.

Пікірталас алаңында сондай-ақ ресейлік «Ұрпақтар теориясы» жобасының авторы Евгения Шамис ХХ ғасырдың әртүрлі жылдарында және ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан адамдардың бір-бірінен қалай ерекшеленетіні туралы айтты. Осы теорияға сәйкес 1903-1923 жылдары туған адамдар Жеңімпаздар деп аталады, 1924-1943 жж туған ұрпақты - Үнсіз, ал 1944-1963 ж.ж.- Бумерлер деп атайды. 1964-1984 жж. –Х буыны, 1985 – 2002 жылдар аралығында туғандарды Миллениум ұрпағы, 2003-2023 жж. Хоумлендерлер дейді. Евгения Шамистің пікірінше әр буын өзінің ерекшелік сипатына ие, және олар бір-біріне ұқсамайды.

Ал «Гнездо» отбасылық кеңістігінің негізін қалаушы және бас директоры Анна Вендик әр баланың өмірі қуанышқа, талпынысқа, шығармашылыққа, зерттеулерге, бостандыққа толы бақытты ортада өтуі тиіс. Сонда ғана ол өзіне сенімді жауапкершілігі мол тұлғаға айналады.

Түсініктеме қалдыру