news-img

Қашықтан білім беру форматына көшудің ауыртпалығын алғашқылардың бірі болып ұстаздар қауымы сезінді.  Бүгінгі жағдайға қарайтын болсақ, олардың орындайтын жұмысы мен сағат уақыттары бірнеше есеге өсті. Пандемия білім беру саласының өзекті мәселелерін ашып көрсетті, оның ішінде веб-сервистердің шикілігі, жаңа форматқа дағдылану қиындықтары,  интернеттің қолжетімсіздігі, электронды девайстармен жұмыстың дамымауы.  

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай  Қазақстан білім беру жүйесінің толығымен өзгеретіндігіне дайын болуы керек.

Осыған орай ұстаздардың кәсібилігі мен оларды даярлау деңгейі негізгі мәселелердің біріне айналды.  Ал ұстаздардың кәсіби серіктестігі мен көшбасшылық  қасиеттерін дамыту бүгінгі күннің тақырыбы.

«Birge oqý» дамытушы пікірталас алаңында «Ұстаздың кәсібилігі мен көшбасшылығы – білім берудің негізі»  тақырыбында онлайн конференция өтеді.

Тікелей эфирдің спикерлері: Назарбаев қорының бiлiм беру жөніндегі бас сарапшысы, Кембридж университетінің PhD-i  Назипа Аюбаева мен Жоғары білім беру мектебінің посдокторанты, Кембридж университетінің PhD-i Гүлмира Қанай

Сарапшылар:

• Ұстаздардың кәсіби қарым-қатынасы мен қолдауы;

- Ұстаздардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

- Кәсіби дамудың стратегиясы;

 - Өз бетімен кәсіби білім алу  мәселелерін талқылайды.

Өтетін уақыты мен орны: 2 мамыр сағат 12:00-де,  «Birge oqý» пікірталас алаңы

Эфирді "Birge oqý" жобасының Youtube  және Facebook  арналарында көруге болады.

Түсініктеме қалдыру