news-img

Қазақстандық сарапшылар клубы Әлемдік экономика және саясат институтымен (ӘЭСИ) бірлесіп «Экономиканың жаңа стимулдары. Индустриядан кейінгі даму» тақырыбындағы онлайн-пікірталас алаңына шақырады. Халықаралық және қазақстандық сарапшылар экономиканың жаңа стимулдары мен  индустриядан кейінгі  даму мәселелерін талқылайды.

Күні мен уақыты: 13 мамыр сағат 15: 00

Модератор: Ануар Буранбаев, Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі.

Презентатор: Қаныш Тулеушин, Whiteshield Partners серіктесі.

Пікірталасқа қатысу үшін ZOOM-ге сілтеме  бойынша қосылу қажет.

Пікірталасқа қатысушылар:

* Альберт Рау, экономика ғылымдарының докторы.  ҚР Парламент мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2014 -2017 жылдар аралығында н ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болған.

* Қайрат Мәжібаев, қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. «Resmi» компаниялар тобы»  ЖШС президенті. 2013 жылдан бастап – «Атамекен» ҰКП төралқа мүшесі, сауда комитетінің төрағасы, қаржы секторы комитетінің мүшесі.

* Taddy Hall, инновациялар, өнімдерді әзірлеу, ұйымдық қайта құрулар бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың бірі.  Lippincott-те аға серіктес.

* Сергей Терещенко, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, «Интеграция»  халықаралық қорының Басқарма төрағасы • 1991-1994 жылдар аралығында  ҚР Премьер-министрі қызметін атқарды.

* Сидик Хан, бүкіл әлемдік  әуе, жер үсті және теңіз жүк тасымалдарын жүзеге асыратын халықаралық көлік-логистикалық және экспедиторлық Globalink Logistics Group Ltd компаниясының  бас директоры.

* Эрнар Құрмашев, Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы. 2015-2019 жылдар аралығында  Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры болды. Бірқатар заманауи қазақстандық фильмдердің продюсері.

* Санжар Кеттебеков, жобалау кеңсесінің басшысы, ғылым докторы, Satbayev University Директорлар кеңесінің мүшесі. Жаңа технологиялар мен жаһандық ІТ-консалтингте үлкен тәжірибесі бар.

Бүгін сағат 15:00-де «Экономиканың жаңа стимулдары. Индустриядан кейінгі даму»  онлайн-пікірталас алаңына қосылыңыз. Сілтеме:  https://zoom.us/j/95598279546

Түсініктеме қалдыру