news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МФПП. 9.06.20 - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры музыкалық мамандық бойынша білім алушы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Қазақтың скрипкалы музыкасының хрестоматиясы» атты жинағын таныстырды. Жинақты басып шығару ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен шығармашылық жоба құру гранты аясында жүзеге асырылды . Жоба жетекшісі «Арт-Мирай» қорының жетекшісі Әсел Имае.

Онлайн-форматта өткен тұсаукесерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, шығармашылық қызметкерлер, музыкалық оқу орындарының басшылары мен педагогтары, сондай-ақ олардың студенттері мен оқушылары қатысты. Оқу құралының авторы – Құрманғазы атындағы Қазақ  ұлттық консерваторияның профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Балым Қожамқұлова шараның құрметті қонағы болды.

- Жобаның мәні профессор Балым Серәліқызы Қожамқұлованың жинақтарын қайта басып шығарып, оқулықтың жаңа нұсқасын музыкалық колледждер мен шығармашылық ЖОО табыстау. «Қазақтың скрипкалық музыкасының хрестоматиясы» - скрипкаға арналған қазақ музыкасының бірегей жинағы. Автор жинақты алғаш рет 1966 жылы шығарды. Осы уақытқа дейін бұл құрал Қазақ академиялық музыкасын оқытудың негізгі көзіне айналды. Жинақтағы шығармалар Қазақстанның барлық скрипкашылары - оқушылар мен студенттерінің міндетті оқу бағдарламасына енгізілген. Бүгінгі таңда жинақтың үш бөлімі бар. Біріншісі -музыкалық мектептердің кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған, екіншісі-орта буын және үшіншісі-жоғары оқу орындары студенттерінің концерттік репертуарынан тұрады. Үшінші жинаққа Қазақстанның қазіргі жас композиторларының шығармалары енді, - деді жоба жетекшісі Әсел Имае.

«Қазақтың скрипкалық музыкасының хрестоматиясы» оқу құралының үш бөлігінің әрқайсысы скрипка мен клавирге арналған екі ноталық дәптерден тұрады. Жаңа басылым 300 дана тиражбен шықты және тегін таратылады. Ең алдымен, музыкалық оқу құрал еліміздің музыкалық оқу орындарының кітапханаларына жіберілді.

Оқулыққа қазақ композиторлары Е. Брусиловский, М. Төлебаев, Н. Меңдіғалиев, Құрманғазы, Г. Жұбанова, А. Серкебаев, М. Сағатовтың бірегей шығармалары енгізілген.

Шығармашылық жастар үшін жобаның маңыздылығын атап көрсеткенҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы мәдениет кеңесінің төрағасы, П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев: «Қазақтың скрипкалы музыкасының хрестоматиясы» өңірлердегі музыкалық мектептерінің кітапханаларында табу қиын. Ал қолда бар оқулық бірнеше рет көшіріліп, жарамсыз жағдайға келген. Еске сала кетейін, қазақ музыкасы - қазақстандық скрипкашының міндетті репертуарына жататын шығармалар, ал оларға арналған ноталар, арнайы жинақтар әрдайым тапшы. Қордың арқасында жаңа нұсқада басылып шығарылған оқу құралы тек қазақстандық музыка мектептерінің кітапханаларына таратылып қана қоймайды. Бұл жинақ шетелде де үлкен сұранысқа ие. Шетелде қызмет ететін біздің музыканттарға енді қазақ музыкасын әлемге танытуда жаңа серпін алып кеңінен насихаттай бастайды», - деді.

Мәдени іс-шара соңында жас талантты музыканттар қатысушылар мен қонақтарға, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қорының YouTube-алаңына жиналған көрермендерге, жинаққа енген шығармаларды орындады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жумашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру