news-img

Алматыда жас суретші Алмас Нұрғожаев Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Debut» шығармашылық каталогын таныстырды. Қор жыл сайын мәдениет және өнер қайраткерлерінің арасында байқау өткізеді, оның жеңімпаздары өз жобалары мен креативті идеяларын жүзеге асыру үшін арнайы грантқа ие болады.

Каталог автордың шығармашылығын қамтитын екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Debut» авторының өткен жылдың тамызында Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мүзейінде табысты өткен жеке көрмесіне қойылған 19 туындысы кірді.. Екінші бөлім Кипрдің қазіргі заманғы өнер мұражайының жобасы аясында Таяу Шығыс университетінде ашылған «Полет» жеке шығармашылық көрмесінде халық назарына ұсынылған 26 көркем туындыны қамтиды.
 

- Бұл каталогты құжаттық тарихи материал деуге болады. Алмас Нұрғожаевтың туындалары мен үшін шығармашылық алаңдағы нағыз жаңалық болды.  Суретшілердің арасында белгілі бір стагнацияны білдіретін тақырыптар мен  композициялық тәсілдердің қайталануы аясында суретшінің еңбектері үлкен әсер қалдырды. Ол өз еңбектерінде адам жанына үңіледі. Алмас - бұл еліміздің бейнелеу өнеріндегі жаңа атау,- деп атап өтті өнертанушы, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемдік сыншылар қауымдастығының (AICA) мүшесі, Халықаралық авторлық қауымдастықтың (ALAI) мүшесі Камилла Ли.

Суретшінің шығармалары – оның  ішкі әлемі мен жан күйзелісінің көрінісі. Оның туындыларын көрген  кезде ең алдымен суреттердің күрделі ракурсы мен динамикасы бар экспрессивті композициялар көзге түседі. Шеберге натураны жалпылау және монументалдау тән. Ол сыртқы сюжеттік көріністі ғана емес, жасырын ішкі мазмұны мен мағынасын да жеткізуге тырысады.

Тұсаукесерге педагогика ғылымдарының кандидаты, социоантрополог Ефрат Имамбек; ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, "Іzder" шығармашылық тобының негізін қалаушы Жұмақын Қайрамбаев; ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Жанна Нөгербекова; өнертану магистрі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мәдениет кеңесінің мүшесі Самал Мамытова және т. б. қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру