news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 12.11.20 – Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен «ЖасSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі өтуде. Оның мақсаты – мәдениет және өнер қайраткерлері мен ел жастары арасындағы өзара іс-қимыл үшін жағдай жасау, сондай-ақ жаңа буынының шексіз шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

Үш апта бойы jasstar.kz онлайн-платформада тіркелгендердің барлығы қазіргі заманғы өнер мен мәдениет саласындағы мамандардан білім беру іс-шараларының цикліне қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл фестиваль қашықтан өтіп, өнердің алты бағытын қамтиды: кино және драматургия, поэзия, музыкалық театр, фотография өнері, креативті индустрия және заманауи өнер. Фестиваль бағдарламасы білім беру вебинарларымен, өзекті тақырыптарға арналған онлайн-пікірталастармен, artist talks. Сондай-ақ, 16 жастан 40 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер үшін «Әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, жаңа ұрпақ шығармашылығын тоқтатпайды!» байқауы өтеді.

«Қазақстан кинонарығы: жақсыны көрмекке», «Қазақстанға ақын керек пе? Ақынға Қазақстан керек пе?», «Қазақстанның музыкалық театры» тақырыптары бойынша вебинарлар мен онлайн пікірталастар өткізілді.

«Қазақстанға ақын керек пе? Ақынға Қазақстан керек пе?» онлайн-пікірталаста қазіргі заманғы қазақстандық ақындар мен жазушылармен қызықты диалог өтті. Оған жазушы, публицист, халықаралық қатынастар маманы, кәсіпкер Әділет Құмар (Аджиджиро Кумано); ақын, жазушы, философ Динара Ботабаева (Дидо); ақын, жазушы, эссеист, «Полутона»  журналының редакторы Павел Банников ; жазушы, публицист, көптеген халықаралық әдеби фестивальдар мен байқаулардың қазылар алқасының мүшесі Бақыт Рүстемов  қатысты.  Кездесуді «Қауырсын» жеке қорының негізін қалаушы, Kazakhstan Literary Society NPIO қатысушысы, ақын, аудармашы және саясаттанушы Елден Сарыбай жүргізді.

Айта кетейік, әңгіме қызықты, кей жерлерде полемика орын алды, бірақ соңында барлық спикерлер бір пікірге келді: Қазақстанға ақын қажет екені сөзсіз. Қоғам мен мемлекет ретінде де ақынға Қазақстан қажет.

Пікірталас келесі түйіндемемен аяқталды:

  • Ақын - өз заманының жаршысы. Ол елдің ниетін білдіреді. Өз жұмысында ол қоғамның проблемаларын көрсетуі керек.
  • Цензура қабылданбайды.
  • Поэзиялық оқылымдарды дәріптейтін бастамалар қажет.
  • Мемлекет ақындарға қолдау көрсетуі керек. Бұл қолдау қазіргі қазақстандық авторларды жариялайтын баспаларға салық жеңілдіктерін енгізуден көрініс табуы мүмкін.
  • Ақындар - жанды емдейді. Поэзия адамзатты құтқарады.

Әңгіме барысында оқырмандар назарына заманауи қазақстандық ақындардың есімдері де айтылды. Олардың арасында - Иван Бекетов, Ардақ Нұрғазы, Тілек Рысбек және т. б. бар.

- Вебинардың барлық қатысушылары мені қызықтырады. Өйткені, бұл жас суретшілерге көптеген мүмкіндіктер, өздерін білуге, мамандарды тыңдауға, сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. Ақындар суретшілер сияқты, опера солистері де өз өнерін шығару үшін жан мен тәнін пайдаланады. Қазіргі заманғы өнер туралы вебинарды асыға күтемін. Міндетті түрде байқауға қатысамын. Ұйымдастырушыларға рахмет! - деді фестиваль қатысушысы, студент, суретші Батырхан Айтбаев.

«Қазақстанның музыкалық театры»  вебинары да танымды болды, онда негізгі спикерлер әдеби-музыкалық жұмыс департаментінің директоры және «Астана Опера» МОБТ Камералық залының жетекшісі Маржан Жәкенова және осы театрдың опера солисі Евгений Чайников болды.

Вебинар барысында спикерлер опера әртісінің қалыптасуы үшін не қажет екенін айтты. Ең алдымен, сізде дауыс, музыкалық есту, талант болуы керек. Бірақ бір ғана талант аз, дейді сарапшылар.

- Опера әншісі – бұл, ең алдымен, музыкант, сондықтан кәсіби музыкалық білім алуға ұмтылу қажет. Ол (әнші) драмалық өнерге қызығушылық танытып, актерлік шеберлігін шыңдауы тиіс, - деп сөзін жалғастырды Маржан Жәкенова. - Опера әншісінің қалыптасуындағы келесі маңызды аспект шет тілдерін үйрену. Сондай-ақ, жақсы дене пішінін дамытып, дауыстық аппаратқа мұқият қарау керек.

Кездесу «Қазақстанның музыкалық театры» вебинарының жүргізушілері, шығармашыл жастар өкілдері мен мәдениет пен өнер саласындағы жаңа бастаған мамандар үшін аталған фестивальдің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтуімен аяқталды.

- Пандемия кезінде біздің сала қатты зардап шекті, әртістер көрермендерді сағынады, көрермендер театр қойылымдарын, толық залдардың энергетикасын сағынады. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған фестивальдердің осындай инновациялық форматтары Қазақстанның мәдениеті мен шығармашылық қайраткерлеріне болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Біз бейімделеміз, әрі қарай жасай береміз! - деп қорытындылады Евгений Чайников.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

БАҚ үшін:
PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13
Қатысу мәселелері бойынша:
info@jasstar.kz  

Түсініктеме қалдыру