news-img

Әсерлі және қызықты, көңілді және кереметтей көріністі – Елбасы Қоры ұйымдастырған Жаңа жылдық ертеңгіліктерді осылай сипаттауға болады.

Мерекелік іс-шаралар Нұр-Сұлтан қаласындағы "Салтанат сарайы" сән-салтанат Сарайында өтті. Ертеңгілікке 3 жастан 14 жасқа дейінгі 200-ге жуық балалар қатысты. Олар: бастауыш сынып оқушылары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Балалар үшін "Эльза сарайындағы Жаңа жылдық бал" атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды, ол ертегі кейіпкерлері мереке қонақтарының жанында тұрғанындай сезімдерін күшейтетін арнайы әсерлермен сүйемелденді. 

Балаларды қызықты ойындар, көңілді жарыстар, музыкалық тапсырмалар және DJ Мишурмен " Хит Шырша" атты жаңа жылдық дискотека қуанышқа бөледі.

Ертеңгілік соңында әр балаға тәтті сыйлықтар табысталды.

Балалар мен олардың жақындары тек ертегі қойылымын көріп қана қоймай, конкурстар мен ойындарға қатысты, сонымен қатар осы мереке күнінің бейнесін өздеріне сақтап алды. Олар үшін аниматорлармен суретке түсуге мүмкіндік берілді.

 

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
asdasdasd

comments-author-avatar
asdasdasd

comments-author-avatar
asdasdasd