contest-img

«Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі» — ҚР ғылыми ұйымдары мен  ЖОО-да үздік ЖҒК атағын иеленуге арналған Қор байқауы. Байқау мақсаты — жас ғалымдардың бастамаларын қолдау және оларға өздерінің ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу. Жеңімпаздар кеңес қызметін қолдауға және дамытуға бөлінетін гранттары бар дипломдармен марапатталады.

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

Байқауға іріктеу келесі талаптар бойынша өткізіледі:

  • ЖҒК жұмысының белсенділігі және нәтижелігі;
  • Жүзеге асырылатын іс-шаралардың ерекшелігі, маңыздылығы мен болашағы.

ӨТІНІШ БЕРУ

Оқу орны көрсетілген мерзімде қажетті құжаттардың тізімімен бірге байқау өтініштерін өткізеді («Ең Үздік ЖҒК» атағына Қордың байқау өткізу ережесін қараңыз). Оқу орнының мөрімен расталған бір дана өтініш барлық қосымша құжаттармен беріледі.

ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ

Байқау жеңімпазын Қордың байқау комиссиясы анықтайды. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жеңіс кемінде 3/4 дауыс жинаған ізденушіге беріледі.

ГРАНТ БЕРУ

Ақшалай қаражат түрінде грант - гранттың бөлінуі туралы шарт жасағаннан кейін бөлінеді. Қор оны пайдалануды бақылауға  және мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда аталған қаражаттарды қайтаруды талап етуге құқылы.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Алматы қ., Иванилов к., 12а.
E-mail: сму@fpp.kz

contacts-Едігеева Роза Мақашқызы
Едігеева Роза Мақашқызы
Жобаның басты үйлестірушісі

Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі

       

Әлеуметтік навигатор