contest-img

Оңалту орталықтары мемлекеттік ауруханалардың базасында ашылған және нейро-ортопедиялық бұзылысы бар 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалтуға көмектеседі. Оңалту орталықтары жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты және сезім мүшелері ауруын бастан өткерген балаларды медициналық, физикалық және педагогикалық қалпына келтірумен айналысады. Жыл сайын 15 орталық 9000 баланы қабылдайды.

Аймақтардағы оңалту орталықтары:
Ақмола облысы/ Көкшетау қаласы
Ақтөбе облысы / Ақтөбе қаласы
Алматы облысы/ Ұзынағаш ауылы
Алматы облысы / Бәйдібек би ауылы
Атырау облысы / Атырау қ.
Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен қаласы
Абай обл./ Семей қ.
Жамбыл облысы / Тараз қаласы
Жамбыл облысы/ Шу қаласы
Батыс Қазақстан облысы/ Орал қаласы
Қостанай облысы / Рудный қаласы
Қызылорда облысы/ Қызылорда қаласы
Маңғыстау облысы / Ақтау қаласы
Түркістан облысы / Түркістан қ.
Астана қ.

Көпсалалы мамандар оңалту бағдарламасын жүзеге асырады: дәрігер-неврологтар, дәрігер-реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, эрготерапевттер, еңбек терапевттері, психологтар, ЕДШ нұсқаушылары, физиотерапевттер және т.б. Бастама аясында барлық маман үш кезеңдік оқытудан өтеді: біліктілікті арттыру, жұмыс орындарында көшпелі семинарлар, шетелдік тәлімгерлерді үздік әлемдік әдістемелермен оқыту.

Әрбір «Қамқорлық» оңалту орталығы Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейден шыққан заманауи жоғары технологиялық оңалту құрылғыларымен жабдықталған. Бұл қымбат, өте құнды және тиімді құрал-жабдық, кейбірі Қазақстанда тек «Қамқорлық» орталығында бар.
 
Оңалту орталықтарына қажетті жабдықтарды алуға жобаның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

Ауруханалар жанындағы ғимаратты жергілікті атқарушы органдар бөлген, бекітілген сызбалар мен дизайн жобаларға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ерте араласу орталықтарының мамандарын оқытуды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырды.

contacts-МӘКЕЕВ ДИАС МҰРАТҚҰЛҰЛЫ
МӘКЕЕВ ДИАС МҰРАТҚҰЛҰЛЫ
Жоба менеджері

15 оңалту орталығы

    

Әлеуметтік навигатор