Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарламаға қалай қатыса аламын?

Бағдарламаға қатысу үшін порталға тіркеліп, қатысуға өтінім қалдыру қажет. Өтінім тіркелгеннен кейін саған Бағдарламалар және тұрғылықты немесе оқитын жеріңе сәйкес тәлімгер ұсынылады. Сонымен қатар саған нормативтер мен жеке кесте жіберіледі. Нормативтер мен кестені алғаннан кейін сен Бағдарлама талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарландыру аласың.

Бағдарлама қатысушылары үшін жас мөлшері бойынша шектеу бар ма?

Қола деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Күміс деңгей 15 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Алтын деңгей 16 жастан жоғары қатысушыларға арналған.

Деңгей бойынша қызмет бағыттары қалай ерекшеленеді?

Қатысушы алдымен деңгейдің бірін таңдайды: «Алтын», «Күміс», «Қола».  Әр деңгейдің өзінің талаптары бар. Барлығы 7 бағыт бар.  Әр деңгейдің өзінің өту мерзімі мен бағыттары анықталған. «Қола» мен «Күміс» деңгейді таңдағандар келесі бағыттар бойынша тапсырмалар алады:

  •  «Спорт және дене шынықтыру»
  • «Кітап оқу»
  • «Дарын мен дағды»
  • «Еріктілік»
  • «Туристік саяхаттар»
  • «Ұлттық мұра».

«Алтын» деңгей бойынша «Еңбек тәжірибесі» қосылады. «Қола» деңгейінің талаптарын орындау үшін - 6 ай, «Күміс» деңгейге – 12 ай,  «Алтын» деңгейге – 18 ай мерзім белгіленген.   

Әр деңгей белгілі жасқа арналған. «Қола» деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.  «Күміс» деңгей  - 15 жастан жоғары қатысушылар қатыса алады. «Алтын» деңгейді 16 жастан жоғары қазақстандықтар таңдай алады.

Әр деңгейдің талаптарын орындау бойынша қатысушылар қола, күміс, алтын медальдармен марапатталады.

Өз деңгейін өткеннен кейін қатысушы жаңа білімге қанығады, жаңалықтар ашады, құрдастарымен танысады. Біз жобаға қатысушылардың өзіне деген сенімі артып, олар мақсатқа жету жолдарын табады деп сенеміз.

Бағдарламаға қатысу үшін тәлімгерді қалай таңдау керек?

Бағдарлама порталына тіркелгеннен кейін, саған өз өңіріңнен немесе оқу орныңнан тәлімгерлер ұсынылады. Сен олардың кез келгеніне жүгіне аласың.

Мен өзім таңдаған бағыттар бойынша айналысып жүргенімді қалай растаймын?

Бағдарламаның қатысушысы ретінде сен журнал толтырып отырасың, оған келесі ақпаратты енгізу қажет:

1) «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды» және «Ұлттық мұра» бағыттары бойынша – кестеге сәйкес сабаққа үнемі қатысу туралы тәлімгер растаған белгілер;

2) «Еріктілік» және «Туристік саяхаттар» бағыттары бойынша – тәлімгермен расталған қысқаша есеп, оның ішінде науқанның атауы мен нәтижелері, фото немесе бейнероликті қоса беру.

3) «Кітап оқу» бағыты бойынша – әрбір оқылған кітаптан кейін оның мазмұнына көзқарас баяндалған, тәлімгердің бағасы бар қысқаша эссе немесе бейнеролик;

4) «Еңбек тәжірибесі» бағыты бойынша – қысқаша есеп және жұмыс берушінің белгісі.

 

 

Егер мен спорттың белгілі бір түрімен бұрыннан айналысып жүрген болсам, мен оны жалғастыра алам ба әлде маған басқа түрін таңдау керек пе?

Сен бұрыннан айналысып жүрген спорт түрімен айналысуды жалғастыра аласың, бағдарламаға қатысу үшін сабақтардың ұзақтығы мен ұдайылығы бойынша талаптарды сақтау қажет. Спорт түрлерінің тізімі, сонымен қатар басқа бағыттар бойынша ұсынылатын сабақ түрлерін «Қатысушы» бөлімінен нақтылауға болады.

 

Бағдарлама маған не береді?

Әрбір қатысушы таңдаған бағыты бойынша өз машықтарын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, жаңа достар табуға, өз өлкесін тануға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, бағдарлама талаптарының орындалу нәтижесінде үздіктер іріктеліп, олар ерекшелік белгісімен марапатталады. Медаль иегерлеріне ұпайлары тең болған жағдайда, ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпте білім беру гранттарын иемденуге және жоғары білімі бар кадрларды даярлау  мемлекеттік білім беру тапсырасы бойынша тізімге іліну мәселесінде  басымдық құқығын беру көзделген.

 

«Елбасы Медалі» жобасы бойынша ескертпе хабарламаларды қалай алуға болады?

Ескертпе хабарламалар порталда қатысушы ретінде тіркелгеннен кейін келе бастайды. Тіркелу 2020 ж. 1-20 маусым аралығында өтеді. 

Жоба қашан басталады? Өтінімді толтырудың соңғы күні?

Жобаның ресми басталу мерзімі - 1 маусым 2020 ж.  Жобаға тіркелу 2020 ж. 1-20 маусым аралығында өтеді. 

Бірден бірнеше бағытты таңдауға болады ма? Қанша бағытқа дейін таңдауға рұқсат етілген?

Қатысушы алдымен деңгейдің бірін таңдайды: «Алтын», «Күміс», «Қола».  Әр деңгейдің өзінің талаптары бар. Барлығы 7 бағыт бар. 

Әр деңгейдің өзінің өту мерзімі мен бағыттары анықталған. «Қола» мен «Күміс» деңгейді таңдағандар келесі бағыттар бойынша тапсырмалар алады:

  •  «Спорт және дене шынықтыру»
  • «Кітап оқу»
  • «Дарын мен дағды»
  • «Еріктілік»
  • «Туристік саяхаттар»
  • «Ұлттық мұра».

«Алтын» деңгей бойынша «Еңбек тәжірибесі қосылады».

«Қола» деңгейінің талаптарын орындау үшін - 6 ай, «Күміс» деңгейге – 12 ай,  «Алтын» деңгейге – 18 ай мерзім белгіленген.   

Егер менің жасым 16-дан асқан болса, мен «Алтын» деңгейді таңдауым керек пе?

Жоқ. Әркім  кез-келген деңгейден бастай алады. «Қола», «Күміс», «Алтын» деңгейлерді кезегімен өтуге де болады. Сондай-ақ «Алтын» деңгейге бірден тіркелсең де болады.

Деңгейлердің айырмашылығы неде? Олар не береді?

Әр деңгей белгілі  жасқа арналған. «Қола» деңгей 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған. «Күміс» деңгейіне - 15 жастан жоғары қатысушылар қатыса алады. «Алтын» деңгейді 16 жастан жоғары қазақстандықтар таңдай алады. Әр деңгейдің талаптарын орындау бойынша қатысушылар қола, күміс, алтын медальдармен марапатталады. Өз деңгейін өткеннен кейін қатысушы жаңа білімге қанығады, жаңалықтар ашады, құрдастарымен танысады. Біз жобаға қатысушылардың өзіне деген сенімі артып, олар мақсатқа жету жолдарын табады деп сенеміз.

Тәлімгерді таңдауға қанша уақыт беріледі?

Тіркелгеннен кейін  сенің тұрғылықты жеріңе немесе оқитын орныңа қарай саған тәлімгер ұсынылады. Тәлімгер  сенімен өзі байланысады.

Журнал толтыруға дедлайн белгіленген бе? Егер үлгірмесем/интернет болмаса/ қолым тимесе не болады?

Журналды апта сайын толтыру керек. Егер дәлелді себеп болса, тәлімгерді ескерту міндетті.