news-img

Өскеменде спортшыларға паралимпиадалық сапарға шығарып салу құрметі көрсетілді. Елена Шишаева мен Райхан Қайырканова “Спорт шебері” атағына ие болды, 
Айғаным Ермекова спорт шеберіне үміткер атанып,  Диана Оралбек II разрядқа қол жеткізді. Барлық төрт қазақстандық Тұңғыш  Президент Қорының әлеуметтік идеялар конкурсының жеңімпазы – “Мен-
өз болашағымның иесі» жобасының қатысушылары.  

Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі төрт адамнан тұратын спортшылар паралимпиадалық ат спорты бойынша спорттық нәтижелерге қол жеткізеді. Олар елден тыс жарыстарда өнер көрсетеді, және өз мысалында денсаулықтың шектеулері Отанға және толыққанды өмірге деген қызығушылықты жоғалтуға үкім шығармайтынын көрсетеді.

Айта кету керек, қазақстандықтарға алғаш рет аталған спорт түрі бойынша атақ берілген. Паралимпиада ойындарына шығудың негізгі мақсаты – бұл, мысалы жылқы мен тірек-қимыл аппаратының функцияларында (қозғалыстағы шамалы шектеулерден бастап омыртқаның ауыр жарақатына және туа біткен ауруларға дейін) бұзылулары бар салт аттының бірлескен және үйлесімді тандемін көрсету.

Жарыста салт аттылар төрешілер алқасы алдында өз дағдыларын көрсетеді, төрешілер жаттығуларға баға береді және әр жұп туралы жалпы әсерлерімен бөліседі. Әр түрлі жарыстарда (облыстық, республикалық және халықаралық) тапқан баллдардың негізінде спортшылар жүлделі орындарға ие болып, спорттық атақтар алады. Спортшылардың жетістіктері оларға әлемдік рейтингтер қатарына енуге көмектеседі.

— “Мен – өз болашағымның иесімін” жобасының бірегейлігі біздің еліміз үшін айқынБіз Елбасы қорының грант иегерлеріне айналғанымызды мақтан тұтамыз. Жоба денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың назарын белсенді өмір салтына, қоғамда өзін-өзі көрсетуге тартады, сондай-ақ ішкі шексіз әлеуетті дамытуға ынталандырады, — деп әңгімеледі жоба авторы Елена Черникова.

Спортшылардың алдағы жоспарында – Қазақстан атынан халықаралық паралимпиада ойындарында өнер көрсету.

 

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
 баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
 a.zhumashev@fpp.kz

Түсініктеме қалдыру