news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында  "Myń Bala" Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңінің қорытындысын жариялады.

Естеріңізге салайық, олимпиада 24 ақпанда басталып, оған еліміздің ауыл мектептеріндегі 5 және 6-сынып оқушылары, барлығы 295 мың оқушы қатысты. Алғашқы кезеңде биылғы оқу жылының І және ІІ тоқсандарындағы  «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері үлгерімінің нәтижесі бойынша 5000 оқушы іріктелді. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер олимпиада қатысушысы сертификатына ие болып, екінші кезеңге жолдама алады.

Екінші кезеңде функционалдық сауаттылық пен абстаркты-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша 1000 бала іріктеледі. Тестілеу 2020 жылы 6-7 тамыз күндері аймақтардағы Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде өтеді.  Екінші кезеңдегі сынақтың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі тараптар үшін бейне-трансляция ұйымдастырылады. Бейне-трансляцияны көру сілтемесі  тестілеу күні www. fpp.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Тестілеу үлгілері https://fpp.kz/kz/site/news/view?id=429 сілтемесі арқылы қолжетімді.

1000 жеңімпаз-оқушының тізімі тестілеуден 14 күн өткен соң www.fpp.kz интернет-ресурсында жарияланады.  Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мектепте білімін жалғастыру және Елбасы Академиясының Онлайн мектебінде сүйемелдеу ұсынылады.

Екінші кезеңге өткен оқушылардың  Қатысушы жадынамасымен танысуын сұраймыз.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөмірінен білуге болады.

«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне шыққан қатысушылардың тізімін жүктеп алыңыз:

5-сыныптар:

  1. Ақмола облысы 5-сынып.pdf
  2. Ақтөбе облысы 5-сынып.pdf
  3. Алматы облысы 5 -сынып.pdf
  4. Атырау облысы 5-сынып.pdf
  5. Батыс Қазақстан облысы 5-сынып.pdf
  6. Қостанай облысы 5 сынып.pdf
  7. Қарағанды облысы 5-сынып.pdf
  8. Павлодар облысы 5-сынып.pdf
  9. Солтүстік Қазақстан облысы 5-сынып.pdf
  10. Маңғыстау облысы 5-сынып.pdf
  11. Қызылорда облысы 5сынып.pdf
  12. Шығыс Қазақстан облысы_5-сынып.pdf
  13. Жамбыл облысы 5-сынып.pdf
  14. Түркістан облысы 5-сынып.pdf
     

6-сыныптар:

  1. Ақмола облысы 6-сынып.pdf
  2. Ақтөбе облысы 6-сынып.pdf
  3. Алматы облысы 6 -сынып.pdf
  4. Атырау облысы 6-сынып.pdf
  5. Батыс Қазақстан облысы 6-сынып.pdf
  6. Жамбыл облысы 6-сынып.pdf
  7. Қарағанды облысы 6-сынып.pdf
  8. Қостанай облысы 6 сынып.pdf
  9. Қызылорда облысы 6-сынып.pdf
  10. Маңғыстау облысы 6-сынып.pdf
  11. Павлодар облысы 6-сынып.pdf
  12. Солтүстік Қазақстан облысы 6-сынып.pdf
  13. Түркістан облысы 6-сынып.pdf
  14. Шығыс Қазақстан облысы 6-сынып.pdf
Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
6 сыныптар кайда

comments-author-avatar
Түркістан обл жоқпа 5 сыныптардан

comments-author-avatar
Когда стартует второй этап в СКО?

comments-author-avatar
Сонда тек жеңген 1000 баланың есімі шығама 

comments-author-avatar
1000бала олимпиадасы Атырау қаласында өтетін болды ма?

comments-author-avatar
Олимпиадаға қандай пəндер кіреді тестілеу қайдай пəндерден тұрады

comments-author-avatar
Екінші туудың қортындысы қашан шығар екен