news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Қоры  «Болашақ ғалымдары» республикалық конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімін 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартты. 

Әділ қазылар алқасы физика және математика, химия, химиялық технологиялар, техникалық және инженерлік ғылымдар, биология және медицина, Жер туралы ғылым, экология және ауылшаруашылық ғылымдары, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы ролі туралы жұмыстарды қарастырады.  

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік топтары (үш адамнан аспауы керек) қатыса алады.

Байқау туралы Ережені жүктеп алыңыз: 
«Болашақ ғалымдар» атты республикалық конкурсы туралы.doc

Түсініктеме қалдыру