news-img

Қазақстанда тұңғыш рет. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен ASBIS компаниясы мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлеріне «Білім беруді цифрлық түрлендірудің жаңа биіктері» атты вебинар ұсынады. Бірегей вебинар міндеті болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін кадр даярлау  болатын әлемнің инноватор мұғалімдерімен бірлесе отырып жасалды.

Вебинардың негізгі тақырыптары:

  • Карантин кезінде онлайн оқу режиміне қалай дағдылануға болады?
  • Сандық білім беру контентін құру туралы.
  • Сандық контент құруға арналған интерактивті шеберлік сабақтары.
  • Әлем мектептерінің табысты кейстері.

Вебинар спикерлері:

  • Энтони Стёрпе (Apple Distinguished Educator, New Rochelle school, АҚШ).
  • Нұрлан Иманғалиев (Apple Distinguished Educator, USTAZ, Қазақстан).
  • Данила Егоров (IT директор, The International School of Azerbaijan, Австралия).
  • Лариса Кадырова (Apple Distinguished Educator, Ресей, № 1317 мектеп).
  • Ернар Сарбасов (Ағылшын тілі департаменті, Bilim Foundation,  Қазақстан).

Вебинар 30 наурызда, дүйсенбіден сағат  18:00 ден  21:00 дейін өтеді. (ALMT, GMT+6).

Қатысу тегін, сілтеме арқылы өтіп, тіркелу міндетті: https://forms.gle/Hw6GuijhoWugMF5b8

Кездесу соңында сіздерді спикерлермен сұхбат құру және арнайы бонус күтеді.

Назар аударыңыз! Орын саны шектеулі!

Іс-шара модераторы мен идеялық шабыт беруші: Юлия Андреева (ТМД елдеріндегі Apple  білім беру бағдарламаларының жетекшісі). @iteacher_academy

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру