news-img

Баланы өзін-өзі ұстауға, тіртіпке үйрету және оған бағыт бағдар беру жолдары «Birge Oqý» пікір талас алаңында ата-аналар үшін өтетін  «Тәрбие мен эмоция: маңызды байланыс» семинарында қозғалады.

Алғашқы эфир осы жұмада, 24 сәуір күні сағат 17: 00-де «Birge Oqý» жобасының  Facebook пен YouTube арналарында өтеді.

Халықаралық эмоционалды интеллект академиясының директоры, эмоционалды зияткерлікті дамыту бойынша сертификатталған жаттықтырушы Әсел Мұратова, кәсіби жаттықтырушы, «En baqytty el» қоғамдық қорының жетекшісі Жанат Нуркина және Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Төлекова пайдалы кеңестермен тәжірибемен бөліседі.

Спикерлер болашақ баланы қалыптастыру үшін эмоционалды денсаулықтың маңыздылығы туралы, оның жаңа топтарға бейімделуі,  психологиялық байланыстар орната білуі, өзінің  сезімдері туралы еркін айта алуы туралы әңгіме қозғайды Тікелей эфир кезінде көрермендер спикерлерге өз сұрақтарын қойып,  баланың эмоциялар күнделігін толтырады. Ең белсенді ата-аналарға сыйлық ұарастырылған - баланың кәсіби эмоциясын тексеру және сарапшылардан 2 кеңес.

Түсініктеме қалдыру