news-img

Карантин мен оқшаулану – мәжбүрлі шектеу ғана емес, өз біліміңді жетілдіруге берілген тамаша мүмкіндік.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбас қоры  Мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп, қазақ тілін үйрететін, қазақ мәдениетімен, еліміздің табиғатының көрікті орныдарымен танысуға болатын  оқыту Интернет ресурстарын ұсынады.

Soyle.kz – Қазақстанда іске қосылған алғашқы тіл үйрену онлайн-порталы. Деңгейге қарай оқулар, жаттығулар қосылған тақырыптық сөздіктер, караоке, «Сөздер таласы» ойыны – бұл порталға жиналған барлық бөлімдер емес. Олардың көмегімен қысқа уақытта қазақ тілін үйреніп, сөйлеп кете алады. Soyle.kz-те сондай-ақ ағылшын-латын нұсқасы және мобильдік қосыша ұсынылған.   

Bala.soyle.kz  балаларға арналған.  Ыңғайлы әлі көркем навигация балаңызды қазақ әріптерін жаттап, санауға үйретеді, аудио-сөздік арқылы сөз қорын байытады. Бағдарламаның мобильді қосымшасы да бар.

Youtube арнасында жарыққа шығатын «Soyletube» бейнероликтерінің ерекше форматы қазақ тілінің қарапайым тілдесу формаларына үйретіп, күнделікті қолданыста қажет сөздерді жаттауға мүмкіндік береді.

www.tattialma.kz  әдеби порталы балалардың  қазақ тілінде кітап оқуға дағдылайды.

Аbaialemi.kz – Абайдың шығармашылығына арналған еліміздегі алғашқы онлайн-энциклопедия. Порталда ұлы ақынның өмірбаяны, шығармашылық жолы, шығармалары жинақталған.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы  ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен  қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. «Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы веб-графикалық романдар сериясы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде  «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасында қол жетімді.  

Жаңа технологияға негізделген «Qazaqstan 3D» жобасының басты мақсаты ғаламтор желісінің мүмкіндігі арқылы өз отандастарымызды, шетелдік қонақтарды республикамыздың көрнекті жерлерімен таныстыру болып табылады. Қазіргі заманға сай дайындалған веб-сайт пен Android және iOS платформаларындағы қосымша жүйелі құрылымымен, қолайлы интерфейсімен ерекшеленеді, мұнда Қазақстанның танымал туристік орындары 3D моделінде таныстырылады.

Ұлы даланың тарихы, қазақ мәдениеті мен дәстүрлері туралы қызықты мәліметтермен -  «Жеті қазына», «Қазақстанның ұлы адамдары», «Менің Қазақстаным», «Қазақстан мейрамдары», «Ұлы дала аңыздары» мобильді қосымшалары арқылы танысуға болады.

Бас қатырғыш ойындар, жұмбақтар шешуді ұнатындарға «Кім білгіш?» қосымшасымен танысуды ұсынамыз. Порталда спорт, тарих, ғылым, өнер тақырыптарын қамтыған сұрақтар жинақталған. Бір ретте бірнеше ойыншы қатыса алады.

 

Түсініктеме қалдыру