news-img

ҚР БҒМ тиісті бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Бұл туралы  бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-аккаунтында хабарлады.

«Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды.  Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық», - деді министр.

Енді диссертанттар жарияланымдардың басқа әдісін пайдалануы керек.

«Енді қарапайым ереже жұмыс істейтін болады – сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті.
Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді»
, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

БҒМ пікірінше, бұл шара «сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады».

Түсініктеме қалдыру