news-img

АЛМАТЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МФПП. 1.06.20 - Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және «iTeacher Academy» қоры балалар үйлері мен түзету мекемелерінің тәрбиеленушілерінің басын қосып, Мен - жаңа әлем жасампазымын» бірінші инклюзивті шығармашылық дағдылар фестивалін ұйымдастырды.

Фестиваль онлайн форматта өтті. Оған Ақтөбе облысының (Қобда ауылы, Мәртөк ауылы), Алматы облысының (Талғар қаласы, Үштөбе қаласы, Түрген ауылы), Шығыс Қазақстан облысының (Серебрянск қаласы), Түркістан облысының (Первомаевка ауылы, Темірлан ауылы), Алматы қаласының, Ақтөбе қаласының, Атырау қаласының, Қызылорда қаласының, Петропавл қаласының, Тараз қаласының, Өскемен қаласының, Шымкент қаласының балалары мен жасөспірімдері қатысты.

«Мен – жаңа әлемнің жасампазымын» креативті дағдылар фестивалі бүкіл республиканы қамтитын ауқымды жобаның жалғасы болды. Естеріңізге сала кетейік, «Мен – жаңа әлемнің жасампазымын» – ҚР  Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «Аман келешек» Республикалық инклюзивті бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жаңа жобасы. Бұл бастама елдегі жарияланған ТЖ байланысты өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау және олардың креативті ойлау дағдыларын дамыту мақсатында іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде жобаның шығармашылық ойлауды дамыту бойынша түрлі іс-шаралары жас қазақстандықтар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Ол soft skills бойынша воркшоптарды, құқықтық тақырыптағы интерактивті дәрістерді, тиімді коммуникациялар бойынша мастер-класстарды, IT бойынша сабақтарды және т. б. қамтиды.

- Бұл фестиваль, бірінші кезекте, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, командада жұмыс істей білуге, көшбасшылыққа, жобалық қызметке қатысуға бағытталған. «Мен – жаңа әлемнің жасампазымын» инклюзивті жобасы аясында мастер-класстар мен воркшоптар soft skills немесе икемді дағдыларды дамытуға бағытталған. Біз әлем тез өзгеретін,технологиялар қарқынды дамитын, жаңа кәсіптер пайда болатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Осыған байланысты жас ұрпаққа жалпы білім беру бағдарламасынан алатын білім жеткіліксіз, сонымен қатар оларға ерекше дағдыларды меңгеру керек, сондай-ақ оларды уақытында дамыта білу қажет. Біздің фестиваль - бұл болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға арналған инвестиция, олар біздің еліміздің, ортақ отанымыздың қалыптасуын жалғастыратын болады, - деп атап өтті Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

Атап айтқанда, креативті дағдыларды дамыту фестивалі үш воркшопты қамтыды: «Stop motion: смартфондағы анимация», «Ежелгі әлемге саяхат» және «Мобильді қосымшаның прототипін әзірлеу».

Apple Education білім беру бағдарламаларының нұсқаушысы Анелия Мухамедкаримова өткізген " Stop motion: смартфондағы анимация» шеберлік-сыныбына қатысушылар Stop Motion Studio қосымшасын пайдалануды және қарапайым бейнетаспаларды жасауды үйренді. Қол жетімді кеңсе құралдары мен смартфондағы қосымшалардың көмегімен балалар бірнеше сюжеттер бойынша бес секундтық анимация жасап, көрсетті.

Тарих пәнінің мұғалімі, Мәскеу қаласының №1317 мектебі директорының орынбасары Лариса Қадырова өзінің шеберлік сыныбы кезінде виртуалды әлемдегі гидке айналды. Оның сабағында балалар тираннозаврды, үлкен трицератопсты және ұсталмайтын сколопендраны, Гиза үстіртінің үстінен «ұшып», пирамида лабиринттері бойынша жүріп көрді, ежелгі Вавилонда «серуендеуге» мүмкіндік алды. Осының барлығы заманауи гаджет – компьютерлердің, смартфондардың, планшеттердің арқасында мүмкін болды.

Үшінші интерактивті вебинар барысында фестиваль қатысушылары Swift PlayGrounds бағдарламалау мұғалімі Алина Слепушкинамен бірге мобильді қосымшалардың прототиптерін жасауды үйренді. Мастер-класста балалар ойлау қабылетіне «шабуыл» жасады және түрлі салалардағы мобильді қосымшалар үшін идеяларды талқылады, ең бастысы олардың макеттерін құрып, қосымшаларды әзірлеу циклімен танысты.

- Коронавирус өзара іс-қимылдың, достармен және жақындармен қарым-қатынас жасаудың виртуалды түрлеріне, қашықтағы жұмыс пен оқуға көшу процесін жылдамдатты. Оқшаулану кезеңі онлайн-оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, дағдыларды дамытуды жетілдіретін уақыт. Білім беру бойынша халықаралық тренерлер мен мұғалімдер өткізген мастер-класстар әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленетін және  мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім берудің виртуалды әлеміне енуге көмектесті, бұл технологиялық өнертабыстар бұл сән-салтанат емес, адамдардың мүмкіндіктері мен шекарасын кеңейтуге қабілетті өмірлік қажеттілікті дәлелдейді, - деп атап өтті iTeacher Academy компаниясының негізін қалаушы Юлия Андреева.

Осындай онлайн форматта өткен  қызықты және бай практикумды өздерінің өнерлерін ортаға салған аниматорлар әсерлі би, динамикалық ойындар, көңілді флешмобтар, интеллектуалды викториналармен толықтырды.

Фестиваль барлық мастер-класс қорытындысы бойынша «Мен болашақ әлемді қалай көремін!»  байқауын жариялаумен аяқталды. Шығармашылық сынақ үш номинация бойынша жарияланды: «Жаңа әлем туралы үздік бейне-тарих», «Әлемді жақсылық жасауға өзгертетін қосымшаның прототипі»,»Болашақ әлемінің суреті». Жеңімпаздардың есімдері 5 маусымда жарияланады – оларға фестиваль ұйымдастырушыларының атынан естелік сыйлықтар жіберіледі.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру