Ауыл оқушыларына арналған «Myń bala» Ұлттық олимпиадасының ІІ-кезеңін өткізу мерзімі шегерілді

22 маусым 2020 ж. 4661 0

Құрметті ата-аналар мен «Myń bala» олимпиада қатысушылары!

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Елбасы Академиясы» корпоративті 
қоры келесіні хабарлайды.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің  шешімімен екінші кезеңді өткізу  мерзімі  2020 жылдың 25-26 маусымнан 2020 жылдың 6-7 тамыз күндеріне ауыстырылды. 

Қатысушы балалар саны және олимпиаданың екінші кезеңін өткізу орындары өзгеріссіз қалады. Барлық жаңа өзгерістер жөнінде қосымша жарияланады.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазып алуға болады.

Түсініктеме қалдыру