news-img

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына орай, біздің Қор Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен бірлесіп «Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылыстағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: Елбасы тәжірибесі» кітабын ұсынды.

Тұсаукесер онлайн-форматта өтті. Шараға Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, танымал отандық және шетелдік қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. 

Кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясын әзірлеуде және елдің қазіргі саяси және құқықтық жүйесін дамытудағы көрнекті рөлі көрсетілген.

Таныстырылымды аша отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми 1995 жылы жаңа Конституцияны әзірлеу туралы шешім қабылдау Республиканың Тұңғыш Президентінің батыл қадамдарының бірі болғанын атап өтті. Кейіннен 30 тамызда өткен референдумда Конституцияның мақұлдануы оған жоғары легитимділік берді. Елбасы стратегиясы және Қазақстан халқының ерік-жігері үндестік тапты. Осы өткен ширек ғасыр Қазақстан Республикасы Конституциясының тиімділігі мен прогрессивтілігін көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары еліміздің азаматтарының сұраныстарына жауап беретін Ата Заңның  жоғары сапасына, онда жарияланған құндылықтардың мызғымастығына байланысты, деп атап өтті спикер.

Тұсаукесерді ашқан Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми 1995 жылы жаңа Конституцияны әзірлеу туралы шешім қабылдау Республиканың Тұңғыш Президентінің маңызды шешімдерінің бірі болғанын және ширек ғасыр Қазақстанның Басты Заңының тиімділігі мен прогрессивтілігін көрсеткенін атады.

Таныстырылымда авторлық ұжымның өкілдері - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі Виктор Малиновский және КАЗМЗУ құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Ударцев сөз сөйледі.

Игорь Рогов атап өткендей, елдегі конституциялық құрылыстың бүкіл жаңаша тарихы қазіргі Қазақстанның және оның саяси-құқықтық жүйесінің негізін қалаушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Шетелдік тәжірибені және озық құқықтық технологияларды пайдалана отырып, отандық заңгерлердің жетістіктеріне сүйене отырып, Елбасы, бір жағынан, халықаралық стандарттарға жауап беретін, ал екінші жағынан, егеменді, тиімді жұмыс жасайтын нағыз қазақстандық құқықтық жүйені құрды.

Тұтастай алғанда, тұсаукесерге қатысушылар Елбасы Қазақстандық конституционализмнің барлық құрамдас институттарында ерекше маңызға ие деген ортақ пікірге келді. Кітап еліміздің кітапханаларында, сондай-ақ Конституциялық Кеңес ( ksrk.gov.kz)  пен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайттарында ( fnn.kz ) қолжетімді болады.

Кітапты жүктеп алу

Түсініктеме қалдыру