news-img

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы аясында 8 қазанда арнайы бейнеконференция өтті. «Құрылыс» командасы бюджеттік инфестициялық жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында оларды жоспарлау, құрастыру және жүзеге асырудың оңтайлы шешімдерін ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге маңызды құрылыс бірлестіктерінің өкілдері қатысты.   

Жекеменшік салада жобаларды басқару жүйесі құрылыстың барлық кезеңінде қолданылады. Әр кезеңде жұмысқа тиісті салалық кеңесшілер мен сарапшылар тартылады. Мемлекеттік салада бұл жүйе тек құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде қолданылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, олардың тиімді жүйеге көшкенінен көп уақыт болған. Мысалы Ұлыбритания 2012 жылдан бері құрылыстың барлық кезеңінде кеңесшілер мен сарапшылардың көмегіне жүгінеді. «Құрылыс» тобының салалық менеджерлерінің пікірінше, Тапсырыс беруші мен Бас жобалаушы, мердігер, Авторлық қадағалау, Техникалық қадағалау жасаушылар және қолданысқа еңгізушілер сынды жоба қатысушыларының арасында медиатордың ролін Жобалық менеджмент атқарған жөн. Бұл бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу, жоспарлау үрдісінің тиімділігін арттырады және Жобалық менеджмент атқаратын компания мәртебесін өсіреді.

Сонымен қатар, Тапсырыс берушінің жобаларын басқаратын кеңсе құру ұсынылды. «Құрылыс» командасының басшысы Аржан Бұғыбаевтың айтуынша ол кеңсеге көп үміт артылып отыр. Жобалық менеджмент саласындағы тапсырыс беруші мен жобаның басқа да қатысушыларының біліктілігін арттыру мәселесі ұзақ мерзімді талап етеді.

– Тапсырыс беруші мен құрылыс үрдісінің өзге де қатысушыларының біліктілігі артса, жоба да жүзеге сәтті асырылады. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес, сондықтан ұзақ мерзімді келешекте мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың біліктілігі мен құзыретін арттыруымыз қажет.  Бұл мақсатқа 2-3 жылда жетуге болады. Оларға жобаларды басқару жөнінде білім беру қажет. Сертификаттау рәсімі мен дұрыс нұсқаулықтың да маңызы зор. Ал дәл қазір тапсырыс берушінің біраз міндеттерін нарыққа шығарудан бастауға болады. Нарықта Жобаларды басқаратын кәсіби компаниялар жетерлік.

Жобаларды басқаратын компаниялардың мәртебесін арттыру үшін жаңа ережелер еңгізу қажет немесе Ұлттық экономика министрлігінің қолданыстағы талаптарына өзгерістер еңгізген жөн. Сала менеджерлері «жобаны іске асыру барысында көрсетілген қызметтерге ақы төлеудің бөлек компонентін» енгізе отырып, адамның сағат шығындарына негізделген есептеу әдістемесін әзірлеуді ұсынды. Жұмысқа жұмсалған сағатты есептеу жүйесіне негізделген  Жобаларды басқару қызметтерінің кальцуляциясын мысал ретінде Hill International компаниясының директоры Алтук Қарагөз келтірді. Оның пікірінше, бұл әдіс жобаларды басқару қызметтерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл әдіске бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үрдісін негіздеуге болады.  

«Құрылыс» командасының мүшесі Ұлыбек Қимановтың айтуынша, Премьер-Министр ұсыныстарды қолдап, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілсе, жобаларды басқару тәжірибесін бір жыл ішінде еңгізуге мүмкіндік бар. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және әзірлеу үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары Премьер-министрдің назарына желтоқсан айында  ұсынылмақ.

Құрылысшылар мен жобалаушылар қауымдастықтарының сарапшылары сала менеджерлері ұсынған шараларды қолдап отыр. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жобаларды басқару үрдісін қолдану тәжірибесі -  Президенттің мемлекеттік аппаратты қысқарту жөніндегі бастамасына сәйкес келеді. Бұл мемлекеттік органдардың жобаны жүзеге асыруға маман іздестіру жұмысын жеңілдетеді.

«100 қадам» Ұлт жоспары мен Институционалдық реформаларды  жүзеге асыру үшін өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау» бағдарламасы  - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасы. Аталмыш жоба аясында 200 салалық сарапшы экономикамыздың 11 саласындағы өзекті мәселелерді шешуге және үлкен өзгерістер еңгізуге қажетті ұсыныстарын әзірлеуде. 

 

Түсініктеме қалдыру