news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.  7 қарашадан бастап Қазақстанда шығармашыл жастардың ЖасSTAR халықаралық фестивалі өтеді. Оның ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры болып табылады. Биылғы фестивальдің ерекшелігі - ол өзінің дарынды қазақстандық жастарды қолдау жөніндегі негізгі миссиясын сақтай отырып, онлайн форматында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жарқын жобаларының бірі - «ЖасSTAR»  фестивалі өзінің он жылдығын атап өтті, ал биылғы жылы өзінің дамуының жаңа кезеңін бастайды. Жобаның жаңартылған тұжырымдамасына сонымен қатарпандемия даықпал етті.

2020 жылғы жаһандық сын-қатерлер адамзат өмірінің көптеген аспектілеріне басқаша қарауға мәжбүр етті. Жаңа жағдайлар жаңа шығармашылық шешімдерді, дамыған білім мен дағдыларды және инновациялық коммуникациялық технологияларды қолдануды қажет етеді. Сондықтан, қазіргі фестиваль онлайн режимінде «Жаңа буын әлеуметтік алшақтыққа қарамастан шығармашылығын жалғастырады!» манифесімен өтіп жатыр.

- 2009 жылдан бастап «ЖасSTAR» фестивалі - бұл елдің шығармашылық жастары арасында ең көп күтілетін күзгі іс-шаралардың бірі. Жыл сайын әр елден шақырылған спикерлер мен жобаның жетекшілері фестиваль қатысушыларымен өнер мен мәдениеттің түрлі салаларындағы ерекше білімдерімен, дағдыларымен және тәжірибелерімен бөліседі. Нұрсұлтан Назарбаев қорының демеушілігімен өткізілген осындай кездесулердің нәтижесі - фестивальға қатысушылардың ішкі әлеуетін дамыту, олардың білімдерін авторлық әзірлемелерге кіріктіру, өзіндік шеберлігі мен талантын арттыру, - деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

ЖасSTAR 2020 - бұл қазіргі заманғы мәдениет пен өнердің жас қызметкерлерінің алаңы, синергия мен шығармашылық өзін-өзі таныту орны, әр түрлі елдердің жастарының өзара мәдени байланысының дамуы, шығармашылық мамандықтар саласында ашық және табысты тәжірибе алмасу.

Фестиваль бағдарламасында музыка, театр, кино, фотография, әдебиет, кескіндеме, заманауи өнер және креативтіиндустрия сияқты бағыттар бойынша белгілі сарапшылардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар - вебинарлар, онлайн-пікірталастар, artist talks бар. Осы іс-шараларға қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына 16 мен 40 жас аралығындағы (Конкурс аяқталған күні)кез-келген адам қатыса алады. Байқау бағдарламасыкелесі бағыттарды ұсынады: Фотосурет, Кескіндеме, Графика, Мүсін, Инсталляция, сондай-ақВидео / Кино / Поэтикалық мәнерлеп оқу / Цифрлық жұмыстар. Конкурс жұмыстары 2020 жылы шығарылған және фестивальдің манифестін қамтуы тиіс. Жұмыстарды 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін www.jasstar.kz веб-сайтында орналастыру қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00). Сондай-ақ олар Instagram немесе YouTube әлеуметтік желісінде # ЖасStar2020 хэштегімен және Қордың @nazarbayevfoundation Instagram аккаунтының белгісімен жариялануы керек.

Сараптау комиссиясы жанрға қарамастан үздік жұмыстарды айқындайды, ал іріктеу нәтижелері Фестивальдің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жарияланады.Конкурстың сыйлық қоры 500 000 теңгені құрайды: 1 орын – 300 000 теңге; 2 орын – 200 000 теңге; 3 орын – 100 000 теңге.

Толық ақпарат төмендегі сайтта: www.jasstar.kz

Барлық сұрақтар бойынша мына электронды мекен-жайға хабарласыңыздар: info@jasstar.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы Өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру