Жоба туралы ақпарат

"Myń bala" Ұлттық Олимпиадасы

Жауапты тұлғалар

Асанова Жазира Қанатқызы
"Myń Bala" жобасының үйлестірушісі
zh.assanova@elumiti.kz

Myń bala жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.

MYŃ BALA Олимпиадасында іріктеу рәсімі қалай өтеді?

Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізіледі – сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған.

I кезең – сырттай

Бірінші кезеңде 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде 5 мың оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Үлгерім бағалары «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша алынады.

II кезең – тікелей

Бұл кезеңде  компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша  1000 оқушыны іріктеу жүзеге асырылады. Бағалауда оқушылардың когнитивті дағдыларын сынаққа салады.Яғни үміткерлердің логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін анықтай алатын тапсырмалар беріледі. Тестілеу бейне-трансляциямен сүйемелденеді.

Екінші кезеңді өткізу жөнінде толық ақпаратпен, сондай-ақ тапсырмалардың үлгілерімен  www.fnn.kz интернет-ресурсында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып (қоңырау шалу тегін) немесе zh.assanova@elumiti.kz электронды поштасына жазу арқылы алуыңызға болады.

Myń bala олимпиадасы қандай мүмкіндік береді?

  • Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады.
  • Ұлттық олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға келешекте біліктілігін, дағдыларын дамыту үшін мүмкіндік беретін El Úmiti  өркендеу онлайн платформасында арнайы курс тізбегі қолжетімді болады.