news-img

Биылғы стипендиаттардың есімдері әлі белгісіз. Оларды анықтау үшін комиссия әлі жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ жуырда олармен танысамыз. Ал әзірге сіздерді өткен маусымдағы стипендия иегерлерімен таныстырамыз. Бүгін айдарымызда «Логистика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі Диас Көшетаев.

Диас оқушы кезінен экология, этномәдениет, туризм, қолданбалы математика және экономика саласындағы ғылыми жобаларға қызыққан. Байқаулардағы зерттеулері туралы баяндай келе, ол өзін шабыттандырған, ынталандырған және қуаттандырған өршіл және табысты адамдармен кездескенін айттты.

«Менің ойымша, өмір толығымен осы әлемдегі қозғалыс тәсілі мен түріне байланысты. Қысқасы, логистика – бұл қозғалу логикасы. Бұл ретте адам ресурстары қажет, онсыз оның жұмыс істеуі мүмкін еместігін ескеру керек.  Үнемі өзгеретін тасымалдау ережелері мен шарттары бар күрделі салалардың бірі екенін есте ұстаған жөн», – деді ол университетте оқыған мамандығы туралы айтып берген біздің стипендиат.

Диас айтқандай, логистика бұл елдің «қанайналым жүйесі». Ол өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етіп және оған ықпал етеді. Оған қоса, мемлекет экономикасын жақсартады. Пандемияға байланысты көптеген ел өндірісті тоқтатты, мемлекеттердің экономикасы құлдырады.

Кәсіпорындардың аз ғана бөлігі жұмыс істеді және олардың арасында логистика саласы да қарқынды болды. Бұл бағытта олар барлығын тауарлар және өнімдермен қамтамасыз етті. Нормадан тыс жұмыс істей отырып, логистикалық жүйе сауда нүктелерінде тапшылық болдырмады. Сондықтан халық азық-түлік дағдарысына ұшыраған жоқ.

Диас – бірден стипендия байқауының жеңімпазы бола қоймады.

«Өтінімді алғаш рет үшінші курста бердім. Өкінішке қарай, 2020 жылғы жеңімпаздар тізімінен аты-жөнімді таппадым. Осыдан соң Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының иегері болуға деген ұмтылысымды одан сайын күшейттім. Мақсатыма жету үшін жеделдетілген бағыт алдым. Өте үлкен жұмыс жасау арқылы қиын жолдан өттім. Міне, 2021 жыл келгенде Қорға екігші рет өтініш жібердім. Екінші талпынысымнан кейін ғана мен стипендия иегері болдым. Сондықтан барлығына: «Ешқашан берілмеңіз! Мақсат қойып, оған батыл түрде жетіңіз!» деп тілек білдіргім келеді», – деді Диас Көшетаев.

 

 

Түсініктеме қалдыру