«Қайырымдылық керуені» байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғанын жариялайды.
Бесінші рет өткізіліп отырған байқау игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын және өзгелерді өзінің игі ісімен ынталандыратын тұлғалар қатыса алады.
Байқауға қызметі мемлекеттік қолдаумен (грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды.
Байқау лауреаттары мына номинациялар бойынша анықталады:
- «Асар» - қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдарға арналған номинация;
- «Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететіндер үшін.;
- «Батыл жүрек» - ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға беріледі. Бұл номинацияда шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т.б.) арасында қосымша жеңімпаз атағы берілуі мүмкін;
- «Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;
- «Қайырымдылық тарихы» - номинация қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке және/немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-та беріледі;
- «Бала жүрегі» - төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен батырлығы мен қайырымдылық іске қатысқаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі лауреатқа беріледі;
- «Жануарға мейірім» - жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетін, сонымен бірге, жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреатқа беріледі.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпарат www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарында.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 79 15 95; 8 701 512 55 00 Әлия Сәдуақасова.