news-img

Отбасы құндылықтарын нығайту, ана денсаулығы, әкенің бала күтімі мен тәрбиесіне араласуы – осы және өзге де мәселелерді ата-аналарға арналған «БөпеForum» II халықаралық форумында талқыланады.

Іс-шара осы жексенбі, 23 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінде өтеді.

Форум белгілі сарапшылардың, қоғам қайраткерлері мен блогерлердің қатысуымен қазақ және орыс тілінде дәрістер мен Public Talks форматында өтеді. Төрт панельдік сессияда қатысушылар отбасы мен неке психологиясы, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесін талқылайды, әкенің баланы күтуі мен ананың рөлі туралы сөйлеседі. Іс-шара соңында қонақтар Stand-up қойылымдары мен лотереяның ұтыс ойынын көреді.

Жиында медицина ғылымдарының докторы, профессор, ЮНФПА-ның сексуалдық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі маманы Гаухар Әбуова, «Жаңа кәсіптер атласының» авторы Дмитрий Судаков, дәрігер-педиатр, «Жастар денсаулық орталықтарын дамыту жөніндегі ресурстық орталықтың» жетекшісі Шолпан Қаржаубаева және т.б. халықаралық сарапшылар сөз сөйлейді.

Форумға кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Нұрсұлтан Мағзамов, «Синергия» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, психолог, ментор Жасұлан Сейітқалиев, кәсіпкер әйел, бес баланың анасы Дана Есеева және т.б. қатысады.

Қамқор ата-аналар, ата-әжелер, балабақша тәрбиешілері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, яғни балалар мен тәрбиеленушілерінің болашағына бей-жай қарамайтындардың барлығы іс-шараға қатысуға шақырылады. Форум бағдарламасын bopeforum.kz сайтынан көруге болады.

Іс-шараны БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоры» ҚҚ өткізеді.

Мекенжайы және өтетін орны: Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі, Ганди к-сі, 10.  

Қатысушыларды тіркеу – сағ. 10:00-11:00

Басталуы сағ. 11:00

Ақпарат үшін байланыс:

   • Айнұр Ілиясова, +7 701 185 71 97

   •Дүрия Қыдырбекова, +7 777 580 23 77

Түсініктеме қалдыру