news-img

Алматыда БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы ЮНФПА қорының және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоры ұйымдастырған ата-аналарға арналған «БопеForum» II халықаралық форум өтті.

 

Іс-шарада отбасы және неке психологиясы, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әке мен ананың рөлі мәселелері бойынша 20-дан астам қазақстандық және халықаралық жетекші маман, сонымен бірге Мәдина Біләлова, Бауыржан Қасымбергебаев, Жанна Сейітқалиева, Адель Оразалинова сынды белгілі жаттықтырушылар, блогерлер, меценаттар мен тележүргізушілер сөз алды.

 

Форумның сарапшылары мен қатысушылары отбасы психологиясы саласындағы құнды білімдерін бөлісумен қатар, ата-аналармен бірге отбасылық құндылықтарды, ана болудың қиындықтарын, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі мен отбасы мүшелерінің бірін-бірі қалай қолдау керектігін талқылады.

 

«Бөпе» қоғамдық қорының директоры Айнұр Ілиясованың айтуынша, рublic talk аясында форумға қатысушылар диалог барысында пікір алмасып, спикерлерге сан түрлі сұрақтар қойды. «Яғни, біз ешкімді үйретпейміз. Жай ғана сөйлесеміз. Әңгіме барысында ата-аналар қажетті ақпарат ала алады», - деді Айнұр Ілиясова.

 

Форум қазақ және орыс тілдерінде дәрістер мен public talks форматында өтті. Төрт панельдік сессияда қатысушылар отбасы мен неке психологиясы, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесін талқылады, әкенің бала тәрбиесіне араласуы мен ананың рөлі туралы әңгімелесті.

 

Күні бойы форумға қатысушылар мен қонақтар ойын-сауық аймақтарына барып, балалар үшін шығармашылық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Отбасылық іс-шара соңында лотереның ұтыс ойыны және Stand-up қойылымдары өтті.

Алғаш рет «БөпеForum» 2019 жылы өтті, оған отбасы және неке институтын нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық қорлардың өкілдері қатысты. Бүгінде «БөпеForum» азаматтық бастама аясында ұйымдастырылатын отбасы мен ата-ана құндылықтары кеңінен насихатталатын ірі отбасылық форум.

«БөпеForum» отбасында балаларды тәрбиелеу және жанұядағы қарым-қатынас мәдениеті туралы форум – бұл сараптамалық қоғамдастықтың ата-аналар қауымдастығымен тиімді өзара іс-қимылы, тәжірибе алмасу және үздік заманауи тәжірибе үшін үздік алаң.

Биыл форумға 500-ден астам адам қатысты.

Түсініктеме қалдыру