Алматы мамандары балалардың қабілеттерін диагностикалаудың заманауи әдістемесімен оқытылды
Алматыда оқыту семинары өтті. Ерекшелігі — сарапшыларға, анығы «Дарын» орталығының өңірлік сарапшыларына арналды. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасындағы балалардың танымдық, коммуникативтік қабілеті мен эмоциялық зияткерлік психодиагностикасының заманауи әдісін меңгеруіне бағытталған. Қазақстан бойынша өңірлік орталықта диагностикадан өтуге болады.
«Семинардың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір адам диагностикадан өту үшін өңірлік мамандарды жергілікті жерлерде оқыту. Біз «Qabilet» жүйесі бойынша диагностиканы «Дарын» орталықтарында ғана емес, мектептерде де жүргізе алатын білікті педагогтар мен психологтары бар орталықтар желісін құрғымыз келеді. Әсіресе, бұл шалғай ауылдық аймақ тұрғындары үшін өзекті, сол себепті жақында жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту орталығының жетекшісі Гүлім Жүсіпова.
«Qabilet» қызметі – XXI ғасырдың негізгі құзыреті бойынша қабілетті диагностикалау және анықтау қызметі – «4К»: креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік. Диагностика нәтижесі бойынша сарапшылар балаларды оқыту барысында қолдануға болатын ұсыныстар жасайды. Жобаны «Елбасы Академиясы» КҚ ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп іске асыруда.
«Qabilet» жобасы 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды кезең-кезеңмен қамтуды көздейді. 2021 жылдан бастап 10-11 жас аралығындағы балаларға, ал 2022 жылы 7-9 жас аралығындағы балалар қабілетті диагностикалаудан өтеді. 2021 жылдан бастап 10-11 жас аралығындағы 133 000-ға жуық оқушы 4 «К» бойынша диагностикадан өтті.