news-img

Жан-жақты даму мен үздік білім алуға мүмкіндік берген «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары қай кезде де белсенді. 

Атырау қаласындағы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері Мәдина Қожабалуан жобаның қатты әсер еткенін айтады. 

- Менің өмірім жобаға дейін және одан кейін екіге бөлінді деп айтуға болады. Күткенімнен де асып түсті! «Елбасы медалінің» арқасында көп өзгердім. Жобаның 7 бағыты маған оқу мен шығармашылықты үйлестіруді үйретті, еріктілікке жол ашты. Өмірім жақсы жаққа өзгерді. Әлем туралы көбірек біліп, түсіне бастадым, - дейді Мәдина.

Мәдина енді әрдайым мұқтаж жандарға көмектесіп, елдің дамуына үлес қосып, университетке оқуға түспек. 

Мәдинаға зор денсаулық пен арманының орындалуын тілейміз!

«Елбасы медалі» жобасы туралы толығырақ 8 (7273) 10 02 58 нөмірінен немесе fnn.kz сайтынан білуге болады.

Түсініктеме қалдыру