«Қамқорлық» оңалту орталығының қызметкерлері үздік мамандардан білім алады
«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, «Қазақстан халқына» ҚҚ және әкімдіктердің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ашқан «Қамқорлық» өңірлік оңалту және ерте араласу орталықтарында мыңдаған бала ем алып жатыр.
Бұл орталықтардың жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсетумен қатар, қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету де маңызды дүниенің бірі.
Қараша айында аутизммен ауыратын балаларды сауықтыратын Шымкент, Талдықорған, Өскемен және Павлодар қаласындағы 4 орталықтың 58 маманы тренингтерге қатысып, білім алды.
Сонымен бірге, осы айда Астанада 2022 жылы ашылған «Қамқорлық» орталықтарының 30 маманы оқытылды. «Основы терапевтического тейпирования у детей» біліктілікті арттыру курсын әдістеме авторы Фидель Субботин жүргізді.
Сонымен қатар, «Физикалық оңалту» курсының екінші күндізгі модулі өтті. Курсты Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік институтының халықаралық тәлімгерлері өткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры барлық оқу курсын қаржыландырады.
Оңалту орталықтарының қызметкерлеріне зор денсаулық және балалардың игілігі жолында толайым табыс тілейміз!