news-img

"Цифрландыру дәуірінде медицина және генетика саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету" XVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жас заңгер ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлер осындай сұрақ қойды. Кездесуді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен "Әділет" Жоғары құқық мектебі мен Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ ұйымдастырды.
 

Конференцияға қатысушылар медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасы, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, репродуктивті құқықтарды сақтау және т. б. мәселелер қозғалды.
 

- Медицина саласына ақпараттық технологиялар белсенді ене бастады, денсаулық сақтау мекемелерінің көпшілігі кешенді цифрландыруға көшіп жатыр. Мемлекет медициналық қызмет көрсетудің жаңа тәсілін қалыптастыруды ынталандырады. Бұл ретте, осы саланы нақты құқықтық реттеу және ең алдымен осы саладағы ықтимал заңнамалық олқылықтарды толтыру қажеттілігі туындайды. Жас ғалымдар медицина саласындағы электрондық инновациялар мен құқықтық реттеу және пациенттердің құқықтарын сақтау сияқты күрделі мәселелерді зерттеуге қызығушылық танытуда, - деді Қордың атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов.
 

Болашақ заңгерлер мен жас ғалымдар баяндамаларында пандемия жағдайында адам құқықтарын қорғаудың, қазіргі жағдайда цифрлық медицинаның, пациенттердің құқығын қорғаудың, дәрігерлер этикасының, сонымен қатар, дәрігерлердің құқықтық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерінің өткір мәселелерін көтерді.
 

Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы Ермек Тоқтаров "Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі цифрландыру бағытында одан әрі жаңғыртуды, жаңа технологияларға негізделген емдеудің жаңа инновациялық әдістемелерін жасауды талап ететініне" назар аударды. “Бұл азаматтардың қолжетімді және сонымен бірге тиімді медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ол.
 

Жалпы, форумға қатысушылар медицина саласындағы адам құқығын қорғау құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық және оларды қорғаудың басқа аспектілеріне де әсер етеді деген тұжырым жасады.

Түсініктеме қалдыру