news-img

JANYM TALK алғашқы қатысушыларына қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар, эмоционалды интеллект, сонымен бірге, қорқынышпен қалай күресуге болатыны туралы айтылды.

«JANYM» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бейресми іс-шара жастар арасында суицидтің, буллингтердің және басқа да деструктивті ағымдардың алдын алуға бағытталған. JANYM TALK-ке Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.

Бұл іс-шараның мақсаты – жастардың ішкі әлеуетін ашу, сонымен қатар, деструктивті-қарама-қайшылықты ортаға бейімделу деңгейін арттыру.

Кездесу спикерлері Freedom Finance инвестициялық кеңесшілері Дамир Асылбеков пен Нұржан Қасенов, Qabilet қызметінің маманы Әлия Шәріпова, психология ғылымдарының магистрлері Меруерт Уақасова мен Ақмарал Ғумырзақ, БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) жастар мәселелері жөніндегі сарапшысы Гүлімай Темірова және «JANYM» ҚБ сарапшылары болды.

JANYM TALK барысында 9-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, спикерлер мен сарапшы-психологтарға сұрақтар қойды. 

Жиын соңында және сауалнама нәтижесі бойынша орта мектеп оқушылары мен психологтарының 99%-ы осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге, сонымен қатар жасөспірімдер мен сарапшылар үшін әртүрлі өзекті тақырыптар бойынша алаңдар құру туралы ұсыныстар айтылды. 

«JANYM» - бұл Қазақстан Республикасының балаларына, жасөспірімдеріне және ата-аналарына олардың жасөспірім балаларына қатысты мәселелер бойынша тегін психологиялық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Кеңес алу үшін janym.org сайтына өтінім қалдыра аласыз.

Түсініктеме қалдыру