news-img

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде Шымкентте аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған "Қамқорлық" орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Гибрат Ауғанов, "Қамқорлық Қоры" КҚ директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, Шымкентте АСБ бар 220-дан астам бала тіркелген. Аутизм, ең алдымен, әлеуметтік өзара әрекеттесу тұрғысынан қиындықтармен, оқытудың ерекше тәсілдеріне қажеттілікпен және сезім мүшелерінен ақпаратты өңдеудің басқа әдісімен сипатталады.

"Қамқорлық" аутизмі бар балаларға арналған орталық балалар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсету үшін құрылған. Жыл сайын 1.5 - тен 18 жасқа дейінгі 125 бала мамандардың көмегін тегін ала алады.

Орталықта жұмыстың келесі бағыттары қарастырылған: АBA-терапия, эрготерапия, кинезиотерапия, бейімделген және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, қыш жасау, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектологпен сабақтар.

Балалармен жұмыс істеу үшін аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды оңалту саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың курстарын, тренингтерін, көшпелі семинарларын қамтитын арнайы әзірленген бағдарлама шеңберінде оқитын мамандар даярлануда. Мамандарды оқыту Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

"Көптеген отбасылар үшін мамандардың білікті көмегі қол жетімді емес немесе тым қымбат. Бұл мәселе АСБ бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар арасында ең өткір мәселе ретінде көтеріледі. "Қамқорлық" орталықтарының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы маңызды әлеуметтік жобаны іске асыруда біздің қорды серіктестер: "Қазақстан халқына" және "Самұрық-Қазына" қорлары қолдап, орталықтарды жарақтандыруды қаржыландырды. Биыл өңірлерде тағы 7 осындай орталық ашу жоспарлануда: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары", - дейді "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.

Түсініктеме қалдыру