«GOWEB-2023» Хакатонында 450 жас әзірлеуші өзінің веб-идеясын ұсынды
Қазақстанның түрлі қаласынан келген оқушылар Астанада Astana Hub-та кездесіп, Web-Хакатоны финалына қатысты. Жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер өз жұмыстарын таныстырып, таланты мен дағдысын көрсетті. Іс-шараны «El Umiti» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Бірінші кезеңде еліміздің түкпір-түкпірінен 12-17 жас аралығындағы 450-ден астам қатысушы өз жұмысын жіберді. Ал ақтық сайысқа Астана, Алматы, Өскемен және Қарағандыдан 40 оқушы қатысты.
12-14 жас аралығындағы веб-әзірлеушілер «Салауатты өмір салты», 15-17 жастағы қатысушылар «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасады. Ал 12-17 жас аралығындағы веб-дизайнерлер қаржылық сауаттылық сайттың дизайынын жасады.
Веб-әзірлеу санаты бойынша жеңімпаздар:
1-орын: 12-14 жас Темірлан Нұрәлім; 15-17 жас Жарас Дәулет;
2-орын: 12-14 жас Райымбек Тәджіғали; 15-17 жас Тайыр Дулатұлы;
3-орын: 12-14 жас Ерасыл Маратбеков, 15-17 жас Руслан Сатыбалдиев.
Веб-дизайн санаты бойынша жеңімпаздар:
1-орын: 12-14 жас Айнұр Елмұратқызы; 15-17 жас Әнел Орысбаева;
2-орын: 12-14 жас Тағабай Расул; 15-17 жас Аружан Амангелді;
3-орын: 12-14 жас Дарья Софронова; 15-17 жас Константин Козлов.
Қатысушылар «Үздік презентация», «Үздік контент», «Үздік бейімделген сайт», «Креативті шешім» номинациялары бойынша марапатталды.
Жеңімпаз веб-әзірлеушілер MacBook, ал үздік веб-дизайнерлер стилус пен iPad бағалы сыйлықтарына ие болды.
Бұған қоса, қатысушылар үшін екі шеберлік дәрісі өткізілді. Веб-дизайнерге арналған сабақты Лилия Цой «Веб-дизайндағы нейрожелілер» тақырыбында, ал Анар Артықбай сайт жасау бойынша дәріс өткізді.