news-img

Бүгін-ертең, екі күн бойы үкіметтік емес сектордың 50 өкілі идеясы мен жобасын қазылар алқасының сотына ұсынады. Үздік әлеуметтік бастамалар мен шешімдерді жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан грант алады.

Биыл 20-шы рет өтіп жатқан Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 116 өтінім ұсынылды. Мақсат – қазақстандық қоғамның түрлі саласындағы әл-ауқатты арттыруға бағытталған белсенді ҮЕҰ-ны қолдау.

- Әдеттегідей бізді баяндамалар, қызықты жобалар, әлеуметтік маңызды бастамаға қатысты көптеген ұсыныс, білім беру сессиясы мен дәрістер күтеді. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі қоғамдық мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтар арасында танылып келеді. Бұл қиын байқауда жеңімпаз болу – қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, белсенді әрі тұрақты жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның мәртебесін растау, - деді Қор жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.

Биылғы байқау «Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» деп аталады. Осылайша, жобасы мен идеясы білім беруді арттыру және халықтың жекелеген топтарының функционалдық сауатсыздығын төмендету сияқты мәселелерді шешуге елеулі ықпал ететін ҮЕҰ жеңімпаз атанады.

- Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі – бұл ұзақ жыл бойы жаңа әлеуметтік жобалар жүзеге асқан алаң, ол тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарына қолдау көрсетеді. Жәрмеңке еліміздегі әлеуметтік дүниеге бағдарланған және сұранысқа ие жобаларының бірі, оның одан әрі дамуы мен өзектілігін сақтау өте маңызды, - деді Алматы Азаматтық альянсының президенті, профессор, ТДМ маманы Қайыржан Әбдіхалықов.

Жәрмеңке аясында байқаудың финалынан басқа, мотивацияны дамыту және БАҚ-пен тиімді коммуникация құру жөніндегші екі онлайн тренинг өтеді.

Биылғы іс-шараның серіктестері Қазақстанның Азаматтық альянсы, Алматы Азаматтық Альянсы және Алматы ақпараттық-ресурстық орталығы.

Түсініктеме қалдыру