news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 

Астана қаласының Президенттік орталығында 600-ден астам балаға арналған мерекелік бағдарлама өткізілді.

Балалар мен олардың ата-аналары «Ұр, тоқпақ» театрлық қойылымына, көңілді викториналар мен ұзын бойлы қуыршақтардың би шоуларына куә болды. 

Іс-шара соңында балаларға балмұздақ таратылып, дамытушы ойыншықтар сыйға берілді.

Түсініктеме қалдыру