Жас ғалым аграрияларға арналған бірегей тест-жүйені құрастырды
Қазақстан жас ғалымдардың таланттарының арқасында қарқынды дамып және қоғам өмірін жақсы жаққа өзгертіп келеді. Жаңа технологиялық әзірлемелер, ғылыми зерттеулер, пайдалы жаңалықтар мен өнертабыстар — қазіргі жастардың ең үздік ақылдары жасампаз арнаға бағытталған. Ең бастысы, бұл үшін қажетті жағдайлар жасау.
Серпінді идеяларды қолдау – Тұңғыш Президент Қорының басты міндеттерінің бірі. Ғылым мен техника саласындағы Қордың мотивациялық бағдарламалары Қазақстанның көптеген жас ғалымдарының аттарын ашып таныстыруды жалғастыруда. Олардың бірі – биология ғылымдарының докторы Индира Бейшова.
Жас ғаылм ауыл шаруашылығы дақылдарының патогенді микроағзаларын диагностикалау үшін тест-жүйесін құруға көмектесті. Басқаша айтқанда, Индира Бейшеваның зерттемелері Қазақстанда кең таралған дәнді дақылдардың бактериялық ауруларының қоздырғыштарын тез және дәл сәйкестендіруге көмектеседі.
Әзірленген тест-жүйенің артықшылығы нәтижені алу жылдамдығы, оның ерекшелігі және дәнді дақылдардың патогендерін диагностикалаудың әдеттегі әдістерінің алдында “сезімталдығы” болып табылады.
Жасалған ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері Scopus деректер базасына кіретін рецензияланатын шетелдік журналда, сондай-ақ ККСОН ұсынған журналда жарияланды. Бұдан басқа, Индира Салтанова Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне патент алды.
Айта кетейік, Индира Бейшова ғылым мен техника саласындағы жоғары жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, “Қостанай облысының жоғары білім беру саласындағы 5 жаңа тұлға” жоғары оқу орындары арасындағы облыстық байқауының “Ғылым” номинациясы бойынша жеңімпазы.